Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1991 0 пікір 15 Желтоқсан, 2023 сағат 11:26

50 млрд еуро: Украинаға көмек туралы шешімге вето қойылды

Венгрия Еуроодақ саммитінде Украинаға 50 млрд еуро көлемінде экономикалық көмек көрсету жөнінде шешімге вето қойды

Бұл жөнінде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Х желісіндегі парақшасында жазды.

BBC-дің ақпаратынша, Еуропа кеңесінің жетекшісі Шарль Мишель ЕО елдерінің басшылары Еуроодақтың бюджет жоспарына Украинаға көмек көрсету мәселесін қосуға келісе алмағанын растады.

Мишель бұған бір ел қарсы болғанын айтты, бірақ кім екенін нақты атамады. Ол ЕО елдерінің басшылары бұл мәселені келесі жылдың басында қарайды деп мәлімдеді.

дереккөз: азаттық

Abai.kz 

0 пікір