Сенбі, 23 Қараша 2024
1477 0 пікір 18 Желтоқсан, 2023 сағат 11:51

Путин: Ресейдің НАТО-мен соғысуға ниеті жоқ...

РФ президенті Владимир Путин Ресейдің НАТО елдерімен соғысуға "себеп те, қызығушылық та жоқ" деп мәлімдеді.

Ресейдің ВГТРК каналының тілшісі Павел Зарубинге берген сұқбатында Путин АҚШ президенті Джо Байденнің "Ресей Украинадан жеңілсе, НАТО елдерінің біріне шабуылдауы мүмкін" деген сөздеріне жауап берген.

"Ресейдің геосаяси тұрғысынан да, экономикалық жағынан да, саяси және әскери тұрғыдан да НАТО елдерімен соғысуға қызығушылығы жоқ", - деді Путин.

Оның сөзінше, Ресей "НАТО елдерімен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі". Бірақ ол бұл ойымды "АҚШ-тың артқы есігі" деп атады.

Ол сонымен бірге Финляндияны да НАТО-ға қосуға кеңес беріп, "бұл елмен Ресейде проблема болмаған, енді болады, себебі Ресей Финляндия шекарасына әскерін қояды" деді.

Путин Батыс елдерін "Ресейді құлатуға" ұмтылып жатыр деп тағы айыптады. Оның сөзінше, ол осыған дейін аңғал болып келген, мұндай жоспарларға сенбеген, бірақ қазір "жүз пайызға сенімді", Совет одағы құлағаннан кейін Ресейді соңына дейін құлатпақ.

"АҚШ-тың танымал саясаткері Бжезинский ұсынғандай, бес бөлікке бөліп, өзіне бағындырып, табиғи ресурстарын пайдаланбақ".

АҚШ президенті Джо Байден 6 желтоқсанда Украинаны қолдап сөйлеген сөзінде Ресей болашақта АҚШ-тың одақтастары НАТО-ға шабуыл жасауы мүмкін деген.

Ол Конгресске Ақ Үйдің Украинаға көмегін қабылдауын сұраған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478