Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2211 0 пікір 10 Қыркүйек, 2009 сағат 05:00

Қазақстан сияқты пайда болып келе жатқан демократиялар, әлемдік аренада сындарлы шешімдер климатын жасауға ықпал етуге қабiлетті - Назарбаев

Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ– Енді пайда болып келе жатқан демократиялар, оның ішінде Қазақстан да бар, әлем аренасында сындарлы шешімдер қабылдау үшін климат жасауға түрткі бола алады, деп сенеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол американдық «Вашингтон Таймс» газетінде сейсенбі күні жарияланған мақаласында әлем жұртшылығымен осындай деген өзінің ойларымен бөліседі. Бұл мақаланың бейресми аудармасы сәрсенбі күні президенттің сайтында жарияланыпты.

«Енді туындап келе жатқан, «жасампаздық көшбасшылықты» насихаттаушы  демократия бола тұрып, тіпті қарсыласқан тараптардың да диалогын ынталандыру  Қазақстанның қолынан келіп отыр... Дәл осылай туындап келе жатқан демократия өз үлесін қоса алады. Өткеннің тамырланып кеткен, кейде қасаңдық қарама-қайшылық жүгін арқаламай, «жаңа келгендер» еркіндіктің ғаламдық аренасында шынайы сындарлы шешімдерді қабылдау климатын қалыптастыруға ұйытқы болуға қабілетті», - деп есептейді Н. Назарбаев.   

Қазақстан өзінің ұстанып отырған осындай «жасампаздық көшбасшылық» саясатының мысалы ретінде, мемлекет басшысы елімізде тұрақты түрде әлемдік және дәстүрлі діндердің съездерінің өткізіліп тұруын, республиканың МАГАТЭ қамқорлығымен ядролық отынның халықаралық банкін құруға дайындығын, кезінде КСРО-дан еншілікке қалған ядролық қарудан бас тартуын атады.

Н. Назарбаев «мемлекеттік құрылыста сындарлық қажет» екеніне сенімді. «Сындарлы саясат, иеологиялық «крест жорығы» дегенге қарағанда әріптестерде жылдамрақ оң реакциясын тудырады. Бұл туындап келе жатқан демократияға түсінікті, олар бар болғаны ондаған жылдар ішінде бұл тәжірибені іске асырып келеді, ал Америкаға бұған 200 жылдан артық уақыт кетті», - дейді президент өзінің мақаласында. 

«Президент Обама мұны жақсы түсінеді. Ол өзі сайланғаннан екі апта өтісімен маған, аймақтық ынтымақтастықты, ядролық қаруды таратпау шаралары мен энергетикалық өзара әрекет мәселесін талқылау үшін телефон шалды. Сол әңгіменің барысында, және одан кейінгі де талай сөйлеген сөздерінде президент Обама, мемлекеттік істерді өркениетті жүргізу үшін сындарлылықты іргетас ретінде бағалайтынын аңғартты», - деп атап көрсетті Н. Назарбаев. 

Ол, стратегиялық тұрғыдан маңызды болып отырған Орта Азияда қалыптасқан Ресей, АҚШ және Қытай қарым-қатынасы аясында Қазақстан өзінің ролі мен ықпалы туралы ойланатынын айтады. Оның айтуынша, осы мемлекеттердің арасындағы «бұл жердегі дипломатиялық қарым-қатынастағы жеңіл самал» «салдары қуатты дауылға соғуы мүмкін». 

Сонымен қатар, деп есептейді Н. Назарбаев, «супердержавалардың Барак Обама мен Дмитрий Медведев сынды көшбасшылары қаламсабының бір сілтеуі арқылы бәрімізге әсер етерлік күштер мен процесстерді қозғап, ондаған жылғы жатсынуды кері бұра алады».

«Ресей, Қытай, Иран мен Ауғанстан арасында отырып Қазақстан мен Орта Азия ондай ықпалдың салдарын басқалардан ерекше сезінеді», - деп қосты ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434