Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2353 8 пікір 20 Желтоқсан, 2023 сағат 12:50

Ресейлік реваншизм һәм Кремльдің кезекті айласы

Реваншизммен уланған Путин Ресеймен шекараласатын елдерге қатысты жаңа саяси ойынды бастады. Ол – Ресей азаматтығын оңды-солды үлестіріп, артынан сол азаматтардың мүддесін қорғау үшін тәуелсіз елдерге әскер кіргізу айласы.

Тап осы айламен 2008 жылы Гүржістанның қос аймағын (Абхазия мен Оңтүстік Осетия) тәуелсіз ел деп жариялатты. Тіпті Абхазия мен Оңтүстік Осетияны БҰҰ мойындамаса да, кейбір елдер танып, егемендігін мойындағаны да тарихи шындық.

Иә, Путин «азаматтық үлестіруге» үлкен теориялық даярлықпен келді. КСРО-ны тірлітуді мұрат етуін Путин РФ президенті болған күннен бастап алдына мақсат етіп қойды. Ол өзін осы заманның «І Петрі мен Сталинімін» деп санайды. Енді соларды жіпке тізбекпіз.

Путин КСРО тұсында одақтас республикалар арасында нақты таңбаланған, айқындалған шекара болмағанына сенімді. Демек, «КСРО орталықтан басқарылды. КПСС-тың әмірі жүріп тұрды.  15 республика жан-жаққа бытырай жөнелгенде ұланғайыр аумақ, миллиондаған адам тарихи отанынан жырылып қалды.

Жеке мемлекет болғыларың келе ме? Жо-жоқ, қарсы емеспіз. Бірақ қандай жағдайда, қандай талаппен? Осыны ескеру керек еді», – деген Путин одан ары: «Бұған сай 1992 жылы КСРО құрамынан бөлінген елдер 1922 жылы КСРО құрамына қандай территориямен енді, сонымен шығуға тиісті еді! Олар «иемденіп» кеткен аумақ талқылауды, келіссөз жүргізуді талап етеді. Құжаттағы талап-шарт сақталмады», – дейді.

«Немен келдіңдер, сонымен кетіңдер!» Өйткені, КСРО шекпенінен шыққан елдердің қазіргі шекарасы легитимді емес», деген ойды Путин талай мәрте алға тартты.

Ресей президенті Владимир Путин бүкілресейлік «Селигер-2014» жастар форумы кезінде Назарбаевтың 2005 жылғы: «Қазақстанның, қазақтардың ешқашан шекарасы болмаған. Қазіргі кезектегі шекараларда мемлекеттіліктің белгісі ешқашан болмаған», – деген және 2011 жылғы айтқандарын: «Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекеті болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ. Тұңғыш рет қазақтың шекарасын шегелеп, БҰҰ-ға жеткіздік... Ешқашан қазақ өзі таңдап өз астанасын салған жоқ...», – дегенін негізге ала отырып: «Ол ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтарда ешқашан мемлекеттілік болмаған», – дегенін бәріміз білеміз.

Сонымен КСРО-дан бөлінген РФ бөлек 14 мемлекеттің тарихи мемлекеті де болмаған деген тезис пен концепция миына әбден сіңген жан турасында біз талай мәрте жазған болатынбыз

Орталық Азияда Ресей ықпалы әлсіреп, Батыс, Түркия мен Қытай өз жоспарын жүзеге асырып жатқаны туралы көп пікір айтылды. Алайда құрлықтың осы бөлігіндегі елдерде ішкі немесе сыртқы факторға байланысты туындаған дағдарыс кезінде оған тек Ресей тежеу болатынын уақыт көрсетіп жатыр.

«Украина атты мемлекет мүлде болмаған, қазіргі атауының өзі бұрмаланған деген пәлсапаға саяды. «Украина» атауы көне орыс сөзінен бастау алады. «Окраина» дегенді білдіреді. Ресейдің шет аймағы дегенді аңғартып тұр. Архивті ақтарар болсақ «украинец» деп әуел баста шекара шебін күзететін, шекараны сырт күштерден қорғайтын адамдарды айтатын», – деген Путин одан ары «Ресей сыйға тартқан территория» деген әуенді айтудан жалыққан емес.

Империялық өткенге оралғанды ұнататын Путин: «Шекараны сызарда тарихи фактілерге тоқталған жоқ, КСРО құрамындағы елдерге кеңшілік жасап, қаншама аумақты сыйға тарта салды! Турасын айтқанда Ресейге тиесілі ұланғайыр территорияның ту-талақайын шығарды. Ресейді тонап тынды», – дей келе, «КСРО құрылған 1922-1924 жылдарды ой елегінен өткізіп, сол тұста КСРО Конституциясына «одақтас республикалар одақ құрамынан қалаған уақытында емін-еркін шыға алады» деген шарт еніп, дәл осы шарт кейін Совет үкіметінің ыдырауына түрткі болды», – деп қатты өкінеді.

«Коммунистер осылайша, мемлекеттің бүйіріне бомба орнатты. Ол уақыты келгенде жарылды. КПСС күйреген тұста әлгі шарт алдымыздан шықты. Жаппай «Тәуелсіздік парады» басталды», – деген Путин: «Маған салса 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы КСРО-ның саяси һәм халықаралық субъект ретінде жер бетінен жоғалғанын ресми хабарлаған Беловеж келісіміне қол қоймас едім», – дегенінің астарында көп нәрсе жатыр.

Міне, жан-жағынан жау іздеген жан ақыры КСРО құру жолындағы екінші қадамын Украинамен соғыс арқылы бастады. Ол бұл соғысқа РФ халқын идеологиялық жағынан сегіз жыл бойы дайындап, олардың бойына ашу-ызаны сіңіре білді. Бүкіл Ресейлік БАҚ осы бағытта жұмыс істеді.

Ал, Орталық Азияның «Алтын Қақпасы» – Қазақстан үшін мүлдем басқа тәсіл қолданылды. Ол тәсіл – «Жириновшылдық» еді. Иә, дәл қазір раваншизммен уланған орыстар «кизяктар әм кумузстан» әділетісіз иеленген Ресей жерін қайтарып алуды БАҚ беттерінде дәміл-дәміл көтереді.

Тап осы турасында 2022 жылы 10 қаңтарда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен CNN арнасына берген сұхбатында: «Мен де солай ойлаймын. Бұл президент Путин көздеген мақсаттың бірі. Ол бұрын Кеңес Одағының бір бөлігі болған елдерде өз ықпалын қалпына келтіруді көздейді», – дегенімен артынша: «КСРО-ның қайта құрылуы тиімсіз», – деп атап, «Біз бұған жол бермейміз», дегенді анық білдірді.

The Wall Street Journal басылымында Болтон: «НАТО өз ұстанымдарының беріктігі арқылы Путиннің экспанциялық мақсаттарын қол жетпес ете алады. Бірақ «ережеге негізделген халықаралық тәртіп» туралы мәлімдемемені және тараптарды ұстамдылыққа шақырумен шектелсе, онда тарихшылар Қазақстандағы жағдайды Кеңес Одағының қайта құрылуы басталған оқиға ретінде атап көрсетеді», – дейді.

Қалай болғанда да, Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі ықпалы жандана түсіп, батыстағылар бұны «КСРО-ның қайта құрылуы» десе, орыстар «Еуразиялық одақ құрылуы» деп атай бастады. Болтон КСРО-ның қайта құрылуына жол бермес үшін Путиннің талаптарына, әсіресе, НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймеу бойынша өз мойнына міндеттеме алуына қатысты талаптарына келіспеуге шақырады. Ол Украинаны тез арада НАТО-ға мүше етуді айтпаса да, бұрынғы кеңестік республикаларға қатысты альянс стратегиясын қайта ойластыру қажеттігін атап көрсетті.

Мәскеу өз пікірі мен талаптарын Қазақ пен Украинға қатысты ашық мәлімдеді. Енді бұған қазақ билігі қалай қарайды бар мәселе сонда.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395