Ақтаудың 4 шағын ауданында жылу берілу тоқтатылды
Ақтауда жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша төрт шағын ауданда жылу ажыратылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдеген.
«Ақтауда 1 ш/а және 6 ш/а жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2,4,5,6 шағын ауданның кейбір нысандарына жылудан уақытша шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Қазір арнайы бригада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары түстен кейін аяқталады деп жоспарланған.
фото: gov.kz
Abai.kz