Бейсенбі, 8 Қазан 2026
2736 0 пікір 21 Желтоқсан, 2023 сағат 15:20

Газа секторының халқы эвакуацияланады

Израиль билігі Газа секторының оңтүстігіндегі халықты дереу көшіруге бұйырды. Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы хабарлаған. 

«Израиль армиясы 20 желтоқсанда тұрғындары дереу эвакуациялануға жататын жаңа аумақты белгіледі. Бұл аумаққа Хан-Юнис қаласының орталық және оңтүстік бөліктерінің 20% кіреді», – делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сондай-ақ осы аймақта Газа секторының солтүстік бөлігін тастап кетуге мәжбүр болған 141 мыңнан астам ішкі босқын пана тапқан 32 нысан орналасқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ХАМАС гуманитарлық үзіліс туралы Израиль ұсынысынан бас тартқан.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 895
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1191