Өзбекстанда жаңа жылдық кештерді бюджет қаражатына өткізуге тыйым салынды
Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов барлық мемлекеттік ұйымдарға жаңа жылдық кештерді бюджет және одан тыс қаражат есебінен өткізуге тыйым салды. Бұл туралы алдағы мерекелерді атап өту мәселелері жөніндегі отырыста мәлім болды.
Бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен барлық мемлекеттік ұйымдар, компаниялар, мемлекеттік үлесі бар банктер мен әкімдіктердің корпоративтік кеш ұйымдастыруына, мерекелік дастархан жаюына, отшашу өткізуіне рұқсат етілмейді.
Дегенмен басшылық құрам мен қызметкерлердің өз қаржысы есебінен мерекелік іс-шараларды өткізуіне тыйым салынбайды.
Есек сала кетейік, Өзбекстанның премьер-министрі былтыр да бюджет қаражатына корпоративтік кештерді ұйымдастыруға шектеу қойған еді.
Abai.kz