Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1691 0 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 13:22

Чехия университетіндегі атыстан 15 адам мерт болды

Чехия астанасы Праганың орталығындағы Карлов университетінің философия факультетінің ғимаратына 21 желтоқсан кешкісін бір адам қарумен шабуыл жасады. Чехия қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, шабуылдан 15 адам қаза тауып, оннан аса адам жараланған. 

Полиция оқ атқан адам да өлтірілгенін хабарлады. Ал Прага қаласының мэрі Богуслав Свобода Чехия қоғамдық телеарнасына шабуылдаған адам биіктен секіріп кеткенін айтты.

Бұл адамның Чехия азаматы екенін айтылды, бірақ оның не үшін оқ атқаны белгісіз.

Прага әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі саналады.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2662
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1710