Жұма, 15 Мамыр 2026
2207 0 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 13:35

Елімізде мигранттарға арналған портал іске қосылды

Қазақстанда миграциялық ресурстардың migration.enbek.kz порталы ашылды. Бұл туралы еңбек министрлігі мәлімдеді.

Мекеме мәліметінше, портал елге келген шетелдік азаматтар туралы мәліметтерді орталықтандырып басқару үшін қажет болған инструменттерді қамтиды және миграция саласындағы мемлекеттік қызметкерлердің сапасын көтеруге жағдай жасайды.

Порталда сонымен бірге басқа елден көшіп келген қандастарды аймақтық квотаға кіргізу, "Ата жолы" картасын, қандас мәртебесін және "баспана іздеген адам" куәлігін беру қызметтері бар.

Қараша айында миграциялық заңдарды бұзғаны үшін жүздеген еңбек мигранты Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жергілікті соттың шешімін күтіп жатқаны белгілі болған. Олардың басым бөлігі Өзбекстан мен Тәжікстаннан келгені айтылған.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2775
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1885