Алматыдағы апат: Автобус жүргізушісін ұрған жолаушы 2 айға қамалды
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Еске салайық, Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.
Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.
Сондай-ақ, Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
фото: ашық дереккөзден
Abai.kz