"Интернеттен "Өзбекстанмен олай істейік, бұлай істейік" деген түрлі сөздерді естіп, көріп жатсыңдар. Өзбекстан ешқашан ешкімнің колониясы болмайды. Сіздер мұны білесіздер, түсіндірудің қажеті жоқ", - деді парламенттің жоғарғы палатасының басшысы.
Өткен аптада Ресейдің "Әділетті Ресей" партиясының тең төрағасы Захар Прилепин Өзбекстанды және бұрынғы СССР-дің басқа аймақтарын Ресейге "қосуды" ұсынған. Бұл пікір Өзбекстан қоғамының сынына қалған.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) Захар Прилепиннің мәлімдемесіне байланысты Ташкенттегі орыс елшісі Олег Мальгинов шақырылған.
Ресей СІМ "Прилепин сөздері ел басшылығының ресми ұстанымына ешқандай қатысы жоқ екенін" білдірген.
Abai.kz