Сенбі, 23 Қараша 2024
1439 0 пікір 26 Желтоқсан, 2023 сағат 14:10

Сербиядағы сайлаудың соңы дүрбелеңге ұласты

Сербия премьер-министрі Ана Брнабичтің мәлімдеуінше, Ресейдің арнайы қызметі серб үкіметін Белградтағы наразылық акциясы кезінде тәртіпсіздік болуы мүмкін екенін ескерткен.

Бұның алдында Сербия астанасында жақында өткен сайлау нәтижесін жоюды талап еткен оппозиция мен полиция қақтығысып қалған.

«Арнайы қызмет осындай болатынын ескерткен. Әсіресе Ресейдің арнайы қызметі бізге осындай мәлімет берген» дейді Брнабич.

«Сербия зорлыққа қарсы» оппозициялық коалиция 24 желтоқсанда Белградта жеті күн қатарынан наразылық акциясын ұйымдастырды. Коалиция 17 желтоқсанда өткен сайлау нәтижесін жоюды талап етті. Бұл сайлауда билік басындағы Сербия прогресс партиясы жеңіке жетті. Оппозиция сайлау нәтижесі бұрмаланды деп есептейді.

Наразылық акциясына шыққандардың бір бөлігі Белград әкімдігі ғимаратының есігіндегі әйнектерді шақты. Полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Кейін полиция алаңға жиналдарды қуып таратты, 35 адамды ұстады.

Премьер-министр Брнабич оппозиция әрекетін «майдан» ұйымдастыруға талпыныс деп атап, билік бұған жол бермейтінін мәлімдеді.

17 желтоқсандағы парламент сайлауында билік басындағы партия 38%, оппозициялық коалиция 34% дауыс жинаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338