Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1623 3 пікір 26 Желтоқсан, 2023 сағат 14:16

ЕЭО елдері Иранмен еркін сауда туралы келісімге қол қойды

2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласындағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алаңында бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері ал екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Kazinform ҚР Сауда және итнеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Келісім тауарлардың кең ауқымы үшін 90%-дан астам бажсыз сауданы қамтамасыз етеді.

Бажсыз сауда режимін қамтамасыз ету Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларының да, өнеркәсіп тауарларының да Иран нарығына шығуына қолайлы жағдай туғызады. Тарифтік квоталар шегінде қазақстандық астықты Иранға кепілдендірілген бажсыз жеткізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.

Келісім сауданың преференциялық режимін белгілеумен қатар, қорғаныс шараларын қолдану, техникалық кедергілер саласындағы ынтымақтастық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, тауардың шыққан жерін анықтау ережелері, дауларды шешу сияқты сауда аспектілерін реттейді.

Сонымен қатар келісімде мемлекеттік сатып алулар саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер, сондай-ақ өзара мүдделі салаларда салалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімдер қарастырылған, оның ішінде көлік-логистикалық секторға ерекше көңіл бөлінеді.

Келісім шеңберінде толыққанды преференциялық сауда режимін қалыптастыру және кең ауқымды мәселелердің реттелуі өзара сауданың пайдаланылмаған әлеуетін іске асыруға және Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды сапалы деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Иран 85 миллионнан астам халқы бар ірі және перспективалы нарық болып табылады, сонымен қатар Парсы шығанағының дамыған инфрақұрылымы бар айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Келісім Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін дамытудағы елеулі қадам болады, атап айтқанда экономиканың әртүрлі салаларында ірі бірлескен жобаларды іске асыруға, өзара тікелей шетелдік инвестицияларды ұлғайтуға, келісімге қатысушылар арасындағы белсенді, экономикалық өзара іс-қимылды арттыруға алғышарттар жасайды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 521,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,3%-ға жоғары. Бұл ретте Қазақстаннан Иранға экспорттың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артып, 309,7 млн ​​АҚШ долларын құрады. Ираннан Қазақстанға импорт 211,7 млн АҚШ ​​долларын құрады. Иранмен өзара сауданың өсу әлеуеті зор және бұл келісім оны жүзеге асыруға арналған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019