НЕСИЕСІ БАР МҰСЫЛМАН ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?
Осы жақында ғана «Хабар» арнасындағы әріптестердің шақыруымен «Біз» деген бағдарламаға қатысқанымыз бар еді. Ол күнгі тақырып барша мұсылман жұрты үшін қасиетті «құрбан айт» жайында екен. Бағдарлама қонақтарының қатарынан Парламент депутатынан бастап, қасапшыға дейінгі қарапайым жұртты да көрдік. Әрине ең басты қонақтар Астанадағы мешіттердің тізгінін ұстаған тақуа имамдармен жоқ-жітікке қол ұшын созатын қайырымдылық қорларының өкілдері болды. Мұнда жиналғандар құрбан шалуға қатысты біраз тақырыпты қаузап-ақ тастады. Аудиториядағы бір ақсақал Астана іргесіндегі «Алтын таға» мал базарындағы қасапшылар құрбанға шалынған малдың ішек-қарыны мен бас, сирағын араластырып шашып тастайтыны, сонымен қатар олардың құрбанға шалынатын малға арналған дұғаны оқымай бауыздай беретінін айтып шағымданды. Ал мал бағасы «құрбан айттың» бірінші күні шарықтап кететінін де сөз етушілер болды. Қонақтар бұл күнді нақты мейрам ретінде сезіне алмай жатқанымызды айтты. Қызды-қыздымен бір найб-имам «құрбан айтта» шарлар үрлеп безендіру жұмыстарын жүргізсе де жарасар еді деген мағынада ұсыныс тастады.

Мұсылман жұртымыздың басты мейрамы жайында бәрі айтылған бағдарламада бір сұрақ көмейімізге көлденеңдеп келіп тұрған соң соны төрт қаракөз түгел отырған жиында діндарлардан сұрап қалдық. Ол – несиесі бар мұсылман құрбан шалуға бола ма? – деген сауал еді. Себебін айтпасақ та түсінікті, қазір екі қазақтың бірінің мойнында кредит деген кесір барын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл өзі нарықтық қоғамның үрдісі десек те болар. Қазір қаладағы біраз қазақ баспаналарын несиеге алып отырғаны белгілі. Бұл енді таза қажеттіліктен туындаған мәселе. Ал тойға, көлікке, қыдыруға деп алған кредиттің орны бір басқа шығар.
Сонымен шариғатта кредит жайында жазылмағанымен, Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахметовтің берген жауабының мағынасы төмендегідей болды. «Дінде адамдарды бай, кедей деп қана бөлген. Байларға құрбан шалу бұйырылған. Құрбан шалатын әрбір мұсылманның күнделікті тұтынатын дүниесінің сыртында нисап мөлшерінде қаржысы болу керек. Ол шамамен 85 грамм мөлшеріндегі алтынға сай келетін ақша. Қазір оны нарық бағасымен есептесек, 500-600 мың теңге көлемінде болуы керек. Ал мұндай қаражаты жоқ адамдарға құрбан шалу міндет емес. Демек кредиті бар адам құрбан шала алмайды».
Бұл жерде бір ескеретін мәселе банкіден миллиондап кредит алатын ауқатты адамдарды құрбан шалуға шамасы келмейді деп айтуға болмас. Олардың қарыздары болғанымен, айналымдағы қаражаты мен дүние-мүкәмалы да жеткілікті деңгейде болады. Сондықтан құрметті мұсылман ағайын, әркім өзінің алым-берімінің ара-жігін сараптай отырып ниет етеді деген ойдамыз. Жақындап қалған «Құрбан айт» мейрамы елімізге игілігі мен ырысын ала келсін.
Құрбандық кімдерге уәжіп?
Құрбандық шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек:
1. Мұсылман болуы;
2. Құрбан айт кезінде жолаушы болмауы;
3. Негізгі тұрмыстық қажеттеріне жетерлік мал дүниесі мен қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Оның мөлшері - 80, 18 грамм алтын, не оның құнына тең келетін ақша. Негізгі қажетке тұрғын үй, көлік, киімдер өзіне және отбасы мүшелеріне бір жыл көлемінде жететін азық-түлік жатады.
4.Азат болуы.