«Процентті «пайыз» деп аударудың керегі не?»
Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары Премьер-министр С.Н. Ахметовке депутаттық сауал жолдады. «Ақжолдықтар» өз сауалдарында терминдерді қолдану тәртібіне қатысты мәселе көтерді.
- Терминдерді қолдану тәртібін «Тіл туралы» заңның шеңберінде реттеуді ұсынған біздің партияның Парламенттік фракциясының ұсынысы сарапшылар тарапынан оң баға алғанынымен, Үкімет тарапынан қолдау тапқан жоқ, - дейді олар. – Салалық, ғылыми-техникалық терминдердің әр жерде әртүрлі жазылуынан бір ведомство екіншісін ұқпайтын дәрежеге келіп қалдық. Бүгінде қазақ тілінде қолданылатын халықаралық терминдердің саны жүз мыңнан асады. Бірақ соның 3% ғана ресми түрде бекітіліпті.

Орыс тілінен не шет ел тілдерінен біздің ана тілімізге енген терминдердің өзіндік тарихы бар. Шетелде терминге айналған сөзді бірінші қолданған оқымыстының аты сол сөзге беріледі. Мысалға: фортепияно деген сөзді алайық. «Пияно» деген сөзді итальяндар бірінші қолданған. «Көп ішекті соқпалы аспап» деген мағана береді екен. Енді соны «күйсандық» деп алып жүргеніміз қалай? Біздің домбырамызды басқа халық өз тіліне аудармақ болса, біз қалай қарар едік?! Немесе, бес ғасырлық тарихы бар «календарь» деген сөзді «күнтізбе» деп алғанда не болды? Дүниежүзінің халқы passport деп қолданатын сөзді «төлқұжат» деп айтамыз, ал құжатымыздың сыртында «паспорт» деп жазылып тұр. «Процент» деген сөз ше?! Әлемде бұл сөз procentum деп жазылып, процент деп айтылып келеді. Ол – санның жүзден бір бөлігі деген мағынаны автоматты түрде кез-келген тілде ұқтырады. Дүние жүзінің математиктері мен экономистері қолданады. Соны «пайыз» деп алып кереге не? Оның не сөз екенін ешкім түсінбейді.
Егер біз қазақ тілін тез үйреткіміз келсе, дүниежүзі қолданып жүрген сөздерді орынсыз аударып, тіл үйрене алмай жүргендерге қиындық туғызбауымыз керек.
Қазақ тілі терминологиясының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбанов халықаралық терминдерді қазақ тіліне аударғанда оның нақты мағынасын бермеген жағдайда өзгеріссіз қабылдау жөнінде ескерткен болатын. Олар халықаралық терминдерді жөн-жосықсыз, оңды-солды жаппай аударуға қарсы болған. Сондықтан біз де тілімізге енген термин сөздерді мағанасыз аударғанша – оларды өз тілімізге бейімдеп алған жөн болар.
Жаңа терминдер мен атауларды бекітумен тек Мемлекеттік терминологиялық комиссия ғана айналыспай, Үкімет те терминдерді тиісті қаулылармен бекітуі керек. Содан кейін ғана жаңа терминдер қажетті заңды күш алуы және міндетті түрде қолданысқа енгізілуі тиіс деп санаймыз. Жаңа терминологияны жоғары деңгейде бекіту практикасы тіпті мемлекеттік тіл қоғам өмірінің барлық саласына берік енген елдердің өзінде орын алған. Мысал ретінде әр жаңа термин тиісті заңдармен бекітілетін Түрік республикасының заңнамасын атауға болады.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, құрметті Серік Нығметұлы, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шараларды әрі қарай жүзеге асыру мақсатында Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа терминдерді бекіту құзіретін заңнамалық негізде шешу мәселесін қарауыңызды сұраймыз.
Редакциядан: «Ақ жол» партиясының атынан сайланған депутаттардың пайызды қайтадан «процент» деп, күнтізбені бұрынғыша «календарь» атайық, т.б. деген ұсынысымен бүгінгі жұрттың келісе қоюы күмәнді. Өйткені бұл сөздер қазақтілінің бай қорына еніп үлгерді. Енді келіп оларды байырғы «отанына» қайтару деген бос әуіре. Қазақ өз ішінде процентті «пайыз», паспортты «төлқұжат» дегеннен қиындық көріп немесе бір-бірін түсіне алмай жүрген жоқ. Аталған сөздердің баламасын қолданған қазақ әлемнен жырақ қалады деп үрейлену де бекер. Шетмемлекеттерге шыққан еліміздің азаматы пайыздың procentum, төлқұжаттың passport екенін де жақсы біледі. Солай емес пе? Әлде терминдерді қазақшалаймыз деп жүріп бәрінен мақұрым қалдық па? Ендеше термин сөздерді аударудың қажеті қанша?..
Abai.kz