Жұма, 22 Қараша 2024
1375 0 пікір 28 Желтоқсан, 2023 сағат 13:55

Қазақстанның екі өңірінде қызылшадан бала өлімі тіркелді

Бұл туралы сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі –  мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есмағамбетованың айтуынша, қызылша ауруынан 2 бала өлімі тіркелген. Екеуі де 1 жасқа дейінгі балалар. Өлім жағдайы Астана мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

– Олар қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған. Бір бала шала туған. Оның бұған дейін де басқа да ілеспе аурулары болған. Соңына қызылша жұқтырған, - дейді Айжан Есмағамбетова сенат кулуарында.

Ексе сала кетейік, таяуда Біріккен Ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға қойған еді.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5332