Назарбаевтың аты Әнұран авторлығынан алынып тастала ма?
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Әнұран авторлығына қатысты сұраққа жауап берді.
«Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастауға қатысты ақпарат жарияланып жатыр. 2024 жылы «Авторлық құқықты қорғау туралы» заң қарастырылғанда Әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау мүмкін бе?» деген журналистің сұрағына:
«Бұл (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастау – автор) мәселеге әріптесіміз бірнеше рет жауап берген. Бұл – қазір депутаттар айналысатын ең өзекті мәселе емес шығар. Реформаға қатысты көптеген мақсат бар... Осы қыстан дұрыс өтуіміз керек. Бұл мәселеге әріптесіміз де жауап берді ғой»,- деп жауап берді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Бұған дейін дәл осы сұрақ Мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа да қойылған. Қошанов «Дәл қазір күн тәртібінде тұрған мәселе емес» деп жауап берді.
фото: ашық дереккөзден
Abai.kz