«Тобыл» ӘКК ірі қара мал бордақылау кешенінің құрылысына кірісті
Қостанай. 9 қыркүйек. ҚазТАГ- Қостанай облысында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) ірі қара мал бордақылау кешенінің құрылысына шалғайдағы Амангелді ауданында кірісті. Бұл туралы «Тобыл» ӘКК жарнама бөлімі департаментінен хабарлады.
«Нарбай» шаруа қожалығы мұрындық болған жоба аясында бордақылау кешен құрылысын «Тобыл» ӘКК көмегімен салудан басқа, жергілікті халықтан 200 бас тананы 6 млн теңгеге алу да қарастырылған.
Шаруа қожалығының 250 гектар шабындық-жайылым жері бар. Малға азық – бидай қалдықтары мен шөп, сабан өзіндік егістік және шабындықтардан дайындалмақшы.
Қазіргі кезде шаруашылықта бар жайларды жөндеп қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. Таналарды алу қараша айына қарай жоспарланған. Кәсіпорынның толық қуатына шығу мерзімі 2010 жыл деп белгіленген.
Амангелді ауданына жақын маңда мұндай ірі бордақылау кешені жоқ.