Бішкек туристерге қала салығын салмақ
Қырғызстан астанасы шетелдік туристер үшін қала салығын енгізуді ұсынып отыр. Бішкек қалалық мәслихатының кезекті сессиясында депутат Тоқтосын Сұлтанов осындай ұсыныс айтты.
Депутаттың айтуынша, мұндай тәжірибе шет елдерде бар, қонақүйлерде туристерден қалалық төлем (city fee) алынады. Т.Сұлтанов Қырғызстан астанасының әкімі Айбек Жүнушалиевтен бұл мәселені министрлер кабинеті деңгейінде көтеруді сұрады. Түскен қаржыны туристік нысандарды қолдауға пайдалану ұсынылды.
– Алынған қаражат қалаға қосымша табыс болады. Сонымен қатар, Бішкекке келетін туристердің санын білетін боламыз. Осы кірістердің негізінде шығындарды жоспарлап, кейіннен алынған қаражатты жөндеуге, ескерткіштерді абаттандыруға, шетелдік туристердің демалысын ұйымдастыруға жұмсауға болады, - деді депутат.
фото: ашық дереккөзден
Abai.kz