Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1211 0 пікір 4 Қаңтар, 2024 сағат 14:13

Алматыда SANA FOUNDATION презентациясы өтті

28-желтоқсан күні Алматы қаласында «Жақын» атты жабық кешінің аясында SANA FOUNDATION презентациясы өтті. 

Аталмыш қор жобаларын, тамыз айының 15-жұлдызында 300 қатысушы мен 50-ге тарта сарапшының басын қосқан, қазақ тіліндегі тұңғыш бизнес форумы негізінде бастаған болатын. Қазіргі таңда жобалар санын арттырып, үзақ мерзімді жұмыс жасау жоспарланып отыр.

Жоба идеясының авторы, белгілі экономист ғалым Мақсат Халық алға қойып отырған миссияға қол жеткізу үшін маусымдық форуммен ғана шектелмеу керек екендігін айтты: «Осыған дейін Алаш идеясын басшылыққа алатын жаңа экономикалық модель керегін айтқан болатынмын. Бірақ қазақ кәсіпкерлігін бір ғана форуммен жаңа деңгейге шығару мүмкін емес. Ол үшін тұрақты да жүйелі қызмет атқармақ керек. Осы қор сол мақсатта жұмыс жасамақ»

Қор миссиясы мен мақсаты: ағартушылықты трендке айналдыра отырып, зияткер тұлғаларды қалыптастыру.

Шара креативті экономика өкілдерінен бастап, тұлғалық даму академиялары, медициналық және спорт кәсіпкерлігіне дейін айтулы жоба жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар қ  қатысқан интеллегенциялардың басын қосты.

Олардың қатарында: Kaspi.kz. баспасөз хатшысы, 7kun.kz ақпарат агенттігі құрылтайшысы Ербол Азанбек, 91 тобы және Yenleak, Мирас Жүгінісов бренд менеджері Азамат Демеген, «Kex Group» компаниясының серіктесі, кәсіпкер АИГА , Грэпплинг Қазақстан Федерациясының президенті Аманбай Ибадулла, 7 тіл білетін полиглот, Jetil.kz негізін қалаушы Мади Фазл мен HR маманы, Centras Insurance Company басқарушы директоры Айгүл Қуатқызы, т.б. мамандар болды.

Таныстырылымда көрсетілгендей SANA FOUNDATION алдағы уақытта Sanaly Urpaq, Sana Media, Sana Consulting, Business Workshop және Sana Analytics сынды басқа да бағыттар бойынша жұмыс жасамақ.

Айым Нұрқалиева

11 сынып оқушысы

Abai.kz

0 пікір