Жұма, 20 Қыркүйек 2024
2041 3 пікір 5 Қаңтар, 2024 сағат 14:42

Белгиялық азамат Жәнібектің «анасы болуы мүмкін» делінген әйелдің ДНҚ қорытындысы шықты

Туыстарын іздеп Қазақстанға келген белгиялық азамат Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін деген әйелдің ДНҚ сараптамасы тексерілді. Алайда Әділет министрлігіне қарасты Сот-сараптама орталығы тест нәтижесі теріс шыққанын хабарлады. Ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты.

«Бармысың, бауырым?» редакциясының зерттеулері нәтижесінде «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын Әділет министрлігіне қарасты Сот-сараптама орталығы да тексерген еді, бірақ тест нәтижесі бойынша ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты. Келесі апта «Бармысың, бауырым?» редакциясы Арқалыққа жол жүреді. Жаңалық болса, қосымша хабарлаймыз.  Егер білетін мәліметтеріңіз болса, редактор Әсел Асқарқызына құпия түрде жазуға болады: +77713219786, - делінген Қазақ радиосының Instagram-дағы парақшасында.

Жәнібек кетер алдында өзінің кім екенін білу үшін Арқалық қалалық полициясына арыз жазып кеткен.

Еске салайық, Белгия азаматы Жәнібек (Jani Eddy J Saveliev) туған елі Қазақстанға анасын, туыстарын, бауырларын іздеп келген. Ол «Бармысың, бауырым?» хабарының қонағы болды. Жәнібектің жақындары әлі табылған жоқ.

Abai.kz

3 пікір