Қалың киімдеріңізді дайындаңыздар. -30 аяз күтілуде
Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ел аумағында аяз қайта күшіне енеді.
Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальдың әсерінен 6-7 қаңтарда -30 градусқа дейін аяз болып, Қазақстанның басым бөлігінде қар жауатындығы ескертіледі.
6 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысына, 7-8 қаңтарда солтүстік және орталықта қалың қар жауады деп болжануда.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейсе, солтүстік жартысында жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын күтілуде.
Суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеліп, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура - 8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса, республиканың шығысында -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде - 5, күндіз цельсий бағаны + 7 көрсетеді, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Abai.kz