Қажымұқан ҒАБДОЛЛА. Қоқыс басқан "Күлтөбе"
Әкім-қарарлар мен жуанқарын уәзірлер Есілдің сол жағалауында тағы тоғысты...
Есеп берген болды, ескерген сыңай танытты, ақыры, есінеп-есінеп үйлеріне қайттты...
Сөйтсек, Қазақ Елінің еркіндік алғанына 22 жылдан асса да, әкімдер мен министрлер өз міндеттерін бөлісе алмай, «сен салар да, мен салар – қойға шөпті кім салар» деп, текетіресіп, итжығыспен жүр екен...
Жауапты тұлғаларға әкімдердің құзырына не кіріп, не кірмейтінін бір айдың ішінде шешу тапсырылды... Қайдам, 22 жылда шешілмеген нәрсе – 1 айда шешіле қоймас...
Мемлекеттің қаржысы да тиімді игерілмей келеді. Мұны қазір 3-інші сыныптың оқушысы да біледі. Тағы да бюджет жобасы әкімдермен келісілмегендіктен, игерілмеген шығыстар көлемі 150 миллиард теңгеге жеткен.
Ал, әкімдер мен министрлердің майшелпегі, мемтендерлердің қымбаттау көлемі 2012 жылы 40 миллиард теңгеге, биыл 60 миллиард теңгеге жетіп-шығылған.

Бұл тамаша тендер-ойындар қазақтың әкімдері мен министрлерін олигархтар қатарына қосты. Өйткені, олар тендерлер өткізуде бейтараптылық ұстанған болып, өздерін қатыссыз адамдай көрсетіп, шын мәнісінде, майлы қаймақты қалқып алып отыр. Енді «тендерлік комиссияларды әкімдер мен орталық мемлекеттік органдардың басшыларының өздері басқарып, олардың ауқымды көлемдегі мемлекет қаражатын шығындауға байланысты жұмыстары үшін толықтай жауапкершілік алуы керек»-тігі айтылды. Әрине, бұлай бола қоймас. Қаймаққа дәніккен адам сылдыр су сораптауға оңай келіспес. Сірә, жан алып, жан берісер тартыс алда күтіп тұр...
...Айтыла-айтыла тозығы жетіп, түбі тесілген «Кәсіпкерлікті қолдау» жайындағы әңгіме – менің құлағыма «Кәсіпкерлікті қорлау» болып естіледі...
Ал, алкоголь айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасының 2015 жылға ысырылуы да белгілі жәйт. Арақ-шарап шонжарлары ұрылардың ұртын аяусыз майлап тастаған...
«Индустрияландырудың бірінші «бесжылдығы» оң нәтиже берді» деп қалынды. Сөйте тұра, әзірге дейін жөні түзу шұлық шығара алмай отырмыз. Қарағандыда «Фермер» ұшағын құрастыратын зауыт ашылып, 1 аэроплан шығарған еді, оның өзі ұшпай, бұзылып тұр...
«Жасыл экономика» дегенді ойлап тауып, энергия үнемдеуге талпынып жатырмыз. Бірақ, нәтижесінде, осы энергия үнемдеуіміз – энергия есептеумен тәмамдалатын шығар. Яғни, тағы да халықтың қалтасына түсіп, тиынын қағып алу тәсілі секілді. Ал, білдей саяси партияның бармақтай Бірінші орынбасары неміс жерінен лас суға он мәрте қайталап шомылу әдісін үйреніп қайтса, алдымен, өз партияластарынан бастасын, баянды бастамасын...
Қазақ – етке етене. Бірақ, ет экспортын 2016 жылға қарай 60 мың тоннаға дейін жеткізу міндеттеп қойыппыз. Биылғы жылдың 7 айында Кеден одағынан сыртқа шығарылатын ет экспорты нөлге теңесіпті. Масқара болғанда, кең дала, байтақ жерімізде мал баға алмай, етті сырттан, Беларусьтан импорттап жатырмыз. Осындай нөлдік деңгейге түскен ойран жағдай шұжық, сүт, қант және май өнімдерінің экспортына қатысты болып отыр. Олай болса, қазақтың әл-ауқатын кемітіп, кері кетірген Кеден одағының бізге не керегі бар?..
Мемлекет білім беруді қаржыландыру 1,7 еседен астам мөлшерге ұлғайса да, балабақшаларда жарты миллионға жуық бала кезекте тұр, жатақханалар жетіспейді, білікті маман-оқытушылар тапшы, жоғары білім беру жүйесі тұралаған. Яки, «өнер-білім жоқ жұрттар»-ға айналып келеміз...
Қазақтың денсаулығы да дімкәс: біз жүрек-қан тамырлары ауруларынан болған өлім жөнінен әлемде №1, ал, жол-көлік оқиғаларынан болған өлім жөнінен №2 деңгейге жеттік. Қазақ топырағында өткен жылы жол бойында 2145 адам, биылдың өзінде 2273 адам қаза тапты. Мұның өзін халық денсаулығы мен өмірін қорғаудағы «апаттық көрсеткіш» деп атауға болады.
Ауыз ашсаң «аһ» ұрасың: «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы – «Қолжетімсіз баспана»-ға айналды, енді «Жұмыссыз адам әлеуметтік көмекті кейін қайтару шартымен алуға тиіс» дейтін тәсіл әлемнің бірде-бір елінде жоқ, яғни, егер сіз уақытша жұмыссыз қалсаңыз, мемлекеттік жәрдем аласыз да, жұмысқа тұрған соң, қарызыңызды қайтарасыз. Басқаша айтқанда, аяқ-қолыңыз балғадай, дені-басыңыз сау сізді жұмыспен қамтамасыз ете алмаған мемлекет уақытша қарыз қаржы береді де, сіз өйтіп-бүйтіп жұмыс тапсаңыз, ақшасын қайтарып беруді талап етеді. Мұның тура аты – мемлекеттік рэкет...
Ең қиыны әрі қауіптісі: біз «ішкі нарықтың көлемі шектеулі болғандықтан, экономиканың бұдан арғы өсімі үшін нарық кеңістігін кеңейту қажет» деген сылтаумен тағы да өз басымызды өзіміз қыл арқанға салып отырмыз. Әйтпесе: «Ықпалдастық – біз үшін өмір талабы. Сол себепті біз қазір Еуразиялық экономикалық одақты құру және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы айтудамыз» дейтін біздің болашағымыздың тамырына балта шабатын беркесіз де дәйексіз сөздер айтылмас еді...
...Қоқыс басқан Күлтөбе...
Abai.kz