Сенбі, 23 Қараша 2024
1344 0 пікір 8 Қаңтар, 2024 сағат 13:12

Жер жұтқан автобус табылуға жақын

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов адамдармен бірге жер астына құлап кеткен автобусты шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын айтты.

Төтенше жағдайлар қызметінің геосканерлеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, автобустың болжамды орнын анықтағанын аймақ басшысы инстаграм желісіне жариялады. "Майкайнзолото" АҚ тау-кен телімі ауданындағы опырылған жерді іздеу жұмыстары қазірде жалғасуда.

"Сканерлеу 15:30-да аяқталды. Нәтижелері өңделді, автобустың болжамды орны анықталды. Оның жоғарғы жиегіне дейінгі тереңдігі шамамен 5-7 метр. Сағат 20:00-де штаб отырысы өтіп, онда шешім қабылданды. Автобусқа түсуі керек шағын экскаватордың шұңқырына траншеяны түсіруге дайындап, құтқарушылардың одан әрі іс-әрекеті бойынша жұмыстарды күшейту керек", - деп жазды Байханов.

"Іздеу жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 техника, 3 кинологиялық бригада және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылған", - деп жазды ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373