Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1743 2 пікір 8 Қаңтар, 2024 сағат 13:49

Қазақстан туралы жазған: Жасанды интеллекттің "еңбегі" әлемдік БАҚ-қа тарады

Қазақстан туралы жасанды интеллект жазған мақалалар британдық ғалымдардың атынан шетелдік БАҚ-қа тарап кеткен. Бұл туралы The Times басылымы жазады.

«Белгісіз авторлар екі халықаралық ғалымның атын жамылып, бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан жайлы мақалаларды өткізуге тырысқан», дейді The Times.

Мақалада Қазақстанның табиғи байлығы, сұлулығы мен ерекше орны туралы жазылыпты.

Мақаланың көшірмесін алған Euronews телеарнасының редакторы мәтіндегі оғаш сөздерді байқаған. Осылайша ғалымдарға олардың атынан шыққан мәтіндер туралы хабарлаған.

Сонымен бірге мақаланы басқа да жаңалықтар агенттіктері жариялап, кейінірек материалды алып тастаған.

Сонымен қатар, жасанды интеллект жазған «ағылшын авторларының» Қазақстан туралы мақалаларын әртүрлі сайттардан табуға болатыны айтылады.

фото: ғаламтордан

Айым Алмасқызы

11 сынып оқушысы

Abai.kz

2 пікір