Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1143 0 пікір 10 Қаңтар, 2024 сағат 14:51

Әзірбайжандағы президенттік сайлауға 7 кандидат бекітілді

Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы 7 ақпандағы кезектен тыс сайлауда Президенттікке 7 кандидатты тіркеді.

Үміткерлер тізімі:

Қазіргі президент Ильхам Әлиев;

Депутат Захид Орудж;

Депутат Фазил Мұстафа;

Milli cəbhə partiyası (MCP) партиясының төрағасы Рази Нуруллаев;

Böyük Azərbaycan партиясының төрағасы Эльшад Мұсаев;

Azərbaycan Liberal Demokrat partiyası бұрынғы басшысы Фуад Алиев;

Партия төрағасы Bütöv Azərbaycan Xalq Cəbhəsi partiyası Гудрат Гасангулиев.

Әзірбайжанның 6 миллионнан астам азаматы дауыс беруге құқылы.

фото: BBC

Abai.kz

0 пікір