Сенбі, 23 Қараша 2024
1199 0 пікір 10 Қаңтар, 2024 сағат 15:33

СІМ: «Эквадорда кепілге алынған қазақстандықтар жоқ»

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Эквадордағы тәртіпсіздік пен адамдарды кепілге алуға байланысты зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Эквадорда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 7 қаңтарда 34 жылға сотталған Фито деген атпен белгілі "Лос-Чонерос" қылмыстық тобының жетекшісі түрмеден қашып кеткеннен кейін Эквадорда жағдай күрт нашарлады. Соның салдарынан бірнеше түрмеде тәртіпсіздіктер болған. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат орнатты.

Кейін Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде ішкі қарулы қақтығыс басталғанын хабарлады. 10 қаңтарға қараған түні елде қарулы бандылар бейберекетсіздік жасады.

фото: GOV.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435