Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6123 0 пікір 18 Қазан, 2013 сағат 06:09

Өмірзақ баба мен Жаназар батыр кесенесінің ашылу рәсімі өтеді

ХVІІІ ғасыр - қазақ халқының ұлттық тұтастығы мен бірлігіне үлкен қауіп төндірген кезең ретінде тарихтан белгілі. Ел басына күн туған заманда жер үшін жанын қиған батыры мен хандарын халық жадынан шығарған емес. «Әбілмәмбеттің кенже үйі – Қарашаңырағы Шұбартау» елінің құты болған Өмірзақ  - Алтай әулетінің қасиетті міндетін абыроймен, соңғы демі қалғанша атқарған қазақтың соңғы аталық өкілі. «Өмірзақтың дәулетіне, Жаназардың қуатына жиналған» сол елдің  есіл ерлері қазақтың үлкен ханы Әбілмәмбетке, Әбілпейізге және Абылайға қызмет етті. Осы ретте, биыл 300 жылдығы тойланып отырған Абылай ханның сенімді қолбасшыларының бірі болған Жаназар баһадүрдің еңбегі мен ерлігі ерекше.

ХVІІІ ғасыр - қазақ халқының ұлттық тұтастығы мен бірлігіне үлкен қауіп төндірген кезең ретінде тарихтан белгілі. Ел басына күн туған заманда жер үшін жанын қиған батыры мен хандарын халық жадынан шығарған емес. «Әбілмәмбеттің кенже үйі – Қарашаңырағы Шұбартау» елінің құты болған Өмірзақ  - Алтай әулетінің қасиетті міндетін абыроймен, соңғы демі қалғанша атқарған қазақтың соңғы аталық өкілі. «Өмірзақтың дәулетіне, Жаназардың қуатына жиналған» сол елдің  есіл ерлері қазақтың үлкен ханы Әбілмәмбетке, Әбілпейізге және Абылайға қызмет етті. Осы ретте, биыл 300 жылдығы тойланып отырған Абылай ханның сенімді қолбасшыларының бірі болған Жаназар баһадүрдің еңбегі мен ерлігі ерекше.

Үстіміздегі жылдың 19-қазан күні Қарағанды облысы, Балқаш қаласында Өмірзақ пен Жаназардың бүгінгі ұрпақтары бабалардың құрметіне тұрғызылған кесененің ашылу рәсімін жасап, ас бермек. Атаулы шараға тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, ҚР –ның халық артисі Құман Тастанбеков және аталықтар әулетінің шежіресіне қатысты ізденістерімен танымал техника ғылымдарының докторы, академик Бекен Кемелбеков,академик Қадірберген Қаспақов, Серікбай Жәркешов, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Бәзиля Көкенқызы сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен Әбілпейіз төре әулетінің өкілдері қатысады. Жиынға барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, ата ұрпақтарын және осы кезеңді зерттеп жүрген тарихшыларды шақырамыз.

 

Өмірзақ аталық пен Жаназар батыр туралы қысқаша ақпарат

Өмірзақ Шұбартау жеріне қазақтың атақты төресі Әбілпейіз сұлтанды бастап келген, қалың елге құт болған атақты адам. 1757 жылғы Түркістанда болған хан кеңесінің шешімімен Шығысқа – қазақтың көшін бастаған Әбілпейіз сұлтан туралы мақала жазған Ж. Артықбаев Әбілмәмбет ханның төлеңгіттерімен араласып кеткен Сайдалы Арыстан аталықтың Мамадайыр («Үш арыс – Мамадайыр» - Өмірзақ, Жалаң, Боран), Мамашықтың батыр ұрпақтары Шұбартау тобын құрайды деп, Ә. Бөкейханның «Әбілмәмбеттің кенже үйі – қарашаңырағы Шұбартау елінде, күнгей Саяқта» деп жазғаны сол тарихи кезеңдерге қатысты дейді. «Қарашаңырақты қорғауды міндетіне алған топ өзінің міндетін абыроймен орындады, солардың арқасында біз біз кәзір Жетісу, Алтай мен Тарбағатайға иелік етіп отырмыз» - деп жазады.

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан жазып қалдырған «Өмірзақтың құтына  Жаназардың туына» деген тіркес ел аузында. Ата-бабалары  Шыңғыс ханнан  алған деп айтатын  Жаназардың  қара ала туы  осы күнгі  ұрпақтар ұғымында да «ата - баба аруағы қонған» киелі зат.Өкінішке қарай, Жаназар батырдың ұстаған туы бүгінгі күні қолда жоқ, қайда екені белгісіз.Бір анық жайт -  Жаназар батырдың туындағы негізгі элемент,  найза сабына кигізілген жалбыраған қара айғырдың  құйрық-жалы екені. Саралап қарасақ, «Жаназардың туы» деген сөз тіркесі сонау ертедегі Шыңғыс хан заманынан келе жатқан моңғолдық әскери басқару  иерархиясындағы қолбасшылық мансап дәрежені білдіретін белгі. Шыңғыс ханның екі сүлде-туы болған,  біреуі  соғыс кезінде көтеретін Қара-сүлде, екіншісі бейбіт замандағы Ақ- сүлде туы. 

Жаназар батыр туралы ел аузындағы, қазақтың  ежелгі сенімінен өрбитін бір әңгіме - Жаназардың екі қара шұбар жыланы. Екі жыланның ұйқыдағы батырдың денесін орап алуы - баба рухының  жылан кейпінде көрінуі,  аруақтың қолдауы.  Қазақта бұл сөзді «аруақ қонды» яғни «аруақты адам» деп те айтады. Бұл оқиға негізі  -  сол кезеңде  Жаназардың аруақты батыр кейпінде елге танылмал болғаны және оның қол астындағы   батырларынан басқа  «айдаһардай ту» көтерген, жаудан беттері қайтпайтын, ержүрек екі «қарашұбар жылан» бірге туған ағасы Ерназар мен інісі Кұназар.  Жаназарда осындай қауқарлы күш болғаны - Абылайдың жауға аттанарда  Жаназарды күтіп, қазақ қолын екі-үш күнге  аялдатуында. Мұнда: «Жаназар батыр қарамағында ержүрек екі мың төлеңгітімен, Қабанбай батыр бастаған  қазақ қолынан төрт есе  көп болған  қытайлардың  тас-талқанын шығарып, Абылай ханның мәртебесін үстем еткен болатын» деген 1757 жылдың жазында Аягөз жерінде болған соңғы қазақ- шүршіт  соғысы туралы тарихи деректің сарқыны сақталған.Жүйелі зерттеудің нәтижесінде, 2011 жылы Еспе өзенінің бойындағы Қоңыратта Өмірзақ оның қияметтік досы Жаназар батырдың бірге жерленгені анықталды. Жаназар батырдың өзін, оның өсиеті бойынша Өмірзақтың жанына жасырын жерлегендіктен, оның зираты көпке дейін қай жерде екені белгісіз болып келген. Оған басты себептерінің бірі - туыстары  оларды жасырын жерлеп, сүйектерін жауларына қорлатпуды ойлаған. Қабанбайдың, Ер Жәнібектің де денесі жасырын жерленгені белгілі.  Міне, осы айтылған тұлғалар тәрізді Жаназар батырдың да өлімі мен зираты әдейі жасырылған, тек жақын  адамдары ғана білген.

2011 жылы ата ұрпақтары Балқаш көлінен 41 шақырымдағы Еспе өзені бойындағы Жаназар батыр мен Өмірзақ аталықтың мәңгілік мекендеріне тағзым етіп, қос тұлғаға ескерткіш белгі қойған болатын.2013 жылдың шілде  айында, Өмірзақ баба мен Жаназар батырдың төрт құлақты мазарын жаңартып, (8х8 м және 3х5 м)  қайта көтеруге шешім қабылданып,  қыркүйек айының аяғында  ойдағыдай аяқталды.  Мазарға қажетті құрлыс материалдары -  «ақ тас» блоктарын, құрал – жабдықтарды    Маңғыстау облысы, Ақтау, Жаңаөзен өңірлерінен алынды. Мазар композициясы әсемділігімен, тылысымдатылған, ертегілік «ақ түсімен» көз тартады.   Ақ таспен өрілген   қабырғаларының  әр қыры әшекейлі оюлармен өрнектелген.  Мазар кіреберісінің аркасы  6 метр биіктікке  көтерілген, ұшар басына жарты ай белгісі қондырылған. Арка ішіндегі құран оқуға арналған орынның (3х5 м) жоғары жағы бүріліп, күмбез формасымен аяқталған.  Қабырғасындағы мәрмәр тасқа демеуші болып, үлес қосқан ата ұрпақтарының есімдері жазылған.

 

Өтетін уақыты: 19.10.2013, сағ.: 10.00

Өтетін орны: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.

(Шараға қатысушыларды Балқаш

қаласындағы Ағыбай батыр

ескерткішінің

жанында екі автобус күтіп тұрады)

Байланыстағы тұлға:

Ернұр Жасымбаев ұялы тел. 8 701 943 38 47

Бектеміс Мұсаханов ұялы тел.: 8778 662 32 82

Ақберен Елгезек ұялы тел.: 8 701 838 72 32

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335