Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1233 2 пікір 11 Қаңтар, 2024 сағат 14:54

Қазақстанда легионер-футболшыларға арналған лимит жойылды

Елімізде шетелдік футболшыларға қойылған лимит алынып тасталды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов мәлімдеді.

«Соңғы он бес жылда легионерлердің үлесіне байланысты түрлі эксперименттер жүргізілді. Алайда бұл шешімдердің ауыз толтырып айтар нәтиже бермегенін өздеріңіз жақсы білесіз. Сондықтан біз соңғы екі жылда сараптама жүргізіп, келесі ережені қабылдауға бел будық. Бұл бастама ел футболындағы бәсекелестікті жоғарылатып, сапасы жоғарылайды, сондай-ақ «көлеңкелі жүйенің»жолы жабылып, стадиондар жөнделіп, жанкүйерлер санының артуына сеп болады», – дейді Әділет Барменқұлов.

Айта кетейік, бірнеше жыл премьер-лигада алаңдағы 11 футболшының алтауы легионер, қалған төртеуі қазақстандық болуға рұқсат еткен. Сосын легионер санын жетеуге дейін көбейтті.

ҚФА басшысының айтуынша, команда құрамындағы 25 ойыншының 13-і Қазақстан футболының түлегі болуы жайлы басты шарт сақталады

фото: prosports.kz

Abai.kz

2 пікір