Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа тұра алады
Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылуы мүмкін, оның арқасында қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмысқа тұра алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарлайды.
Ведомство хабарына қарағанда, Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның Еңбек министрліктерінің өкілдері онлайн-форматта келіссөз жүргізген.
"Оның барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне (бұдан әрі - EPS) енгізу мәселесін талқылады. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген министрлік хабарында.
Кездесуге Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Еңбекмині Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова және Корея республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысқан. Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Abai.kz