Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4308 0 пікір 21 Қазан, 2013 сағат 07:23

Семей қаласының төлтаңбасы орыс баспасөзінің ойыншығы ма?

Қазіргі таңда Семей қаласында   алты түрлі төлтаңба бар. Олар қалада өтетін әртүрлі шараларда қолданысқа енуде: №2, №3 Абай тас жолы және Знаменск, Павлодар тас жолы бойындағы қала стеллаларында, дипломдарда,  №1, №2, №4 қала аялдамаларында, № 5 қала википедиясында, рұқсатнамада. Ешқайсысы  да заңды түрде бекімеген сияқты. 16 тамызда «Рудный Алтай» газетінде жарияланған  журналист Екатерина Гуляеваның «Одногорбый верблюд королевских кровей» мақаласында Семей қаласы туралы былай дейді: «Недаром во время Джунгарской войны и в тревожные годы не подвергался нападениям джунгар, так боялись здешних защитников крепости. В то же время они стеснялись штурмовать соседние крепости. Так что мы должны гордиться нашими предками. Пользуясь случаем, хочу предложить семейчанам новую идею, связанную с разработкой эмблемы» дей келе мынадай ұсыныс айтады: « А герб оставим старый» (газетті қарауларыңызға болады). Сонда ол кісі қайдағы ата- бабаны айтып отыр, біздің бабаларымыз ат үстінде шайқасқан, бекініске тығылып алып қазақтың кең  даласын қорғау мүмкін бе? Бұл қалай болғаны сонда? Біз осы уақытқа дейін ел болып қалыптасқанымыз ақ патшаның саясатының  арқасы ма?

Қазіргі таңда Семей қаласында   алты түрлі төлтаңба бар. Олар қалада өтетін әртүрлі шараларда қолданысқа енуде: №2, №3 Абай тас жолы және Знаменск, Павлодар тас жолы бойындағы қала стеллаларында, дипломдарда,  №1, №2, №4 қала аялдамаларында, № 5 қала википедиясында, рұқсатнамада. Ешқайсысы  да заңды түрде бекімеген сияқты. 16 тамызда «Рудный Алтай» газетінде жарияланған  журналист Екатерина Гуляеваның «Одногорбый верблюд королевских кровей» мақаласында Семей қаласы туралы былай дейді: «Недаром во время Джунгарской войны и в тревожные годы не подвергался нападениям джунгар, так боялись здешних защитников крепости. В то же время они стеснялись штурмовать соседние крепости. Так что мы должны гордиться нашими предками. Пользуясь случаем, хочу предложить семейчанам новую идею, связанную с разработкой эмблемы» дей келе мынадай ұсыныс айтады: « А герб оставим старый» (газетті қарауларыңызға болады). Сонда ол кісі қайдағы ата- бабаны айтып отыр, біздің бабаларымыз ат үстінде шайқасқан, бекініске тығылып алып қазақтың кең  даласын қорғау мүмкін бе? Бұл қалай болғаны сонда? Біз осы уақытқа дейін ел болып қалыптасқанымыз ақ патшаның саясатының  арқасы ма?  Біздің ата-бабаларымыздың елім деп жандарын қиған ерліктері қайда сонда, біз  кешегі жоңғарларды қаруландырып қазақ халқына айдап салып отырған сол кездегі орыс шонжарларының отарлау  саясатына алғыс айтуымыз керек екен ғой. Мен әрине тарихшы емеспін, бірақ та өз ата- бабаларымыздың жасап кеткен ерлік істерінен хабардармын және де олардың ерлігінің алдында ұрпағы ретінде басымды иемін, мақтан етемін.  Қазақ халқы арысы сақ пен ғұннан, берісі  Керей мен Жәнібек заманынан бастап  ел болып қалыптасқан, ешкімнің де бізге міндетсінетін реті жоқ.  Біз кешегі отарлау саясатының белгісіндей қитұрқы ұсыныстарды естен мүлдем шығаруымыз керек деп ойлаймын. Біздің елде, әр қаламызда тәуелсіздігімізді, елдігімізді білдіретін және тарихымыздан да сыр шертетін оның кешегі жүріп өткен жолын  бүгінімен байланыстырып тұратын төлтаңба болуы керек. Оның символы ретінде шаңырақ әр қаланың төлтаңбасында  болуы қажет деп ойлаймын. Қазіргі уақытта  қала әкімшілігі қолына қай герб түссе соны қоюды әдетке айналдырып алған ба деген де ой келеді. Мына келтірілген айғақтар соның бір бұлтартпас дәлелдері!

Енді өздеріңіз осы көріністерден қорытынды шығарып көріңіздерші, осы айтқаныммен келісесіздер ме  жүрегі  «Семейім»  деп соғатын Алаш жұрты!

Құрметпен:   Әмірбеков Ерлан Шаяхметұлы, Семей қаласы

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322