Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1413 3 пікір 15 Қаңтар, 2024 сағат 14:37

Нұрлан имам АҚШ-қа сапарға шығады

Елордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды. 

«Әрбір жылы АҚШ президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал адамдарға және мемлекет басшыларына  ас береді. Бұл қайырымдылық ас саналады. Сондықтан біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, президент істеп жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сондай-ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз», – деді Нұрлан имам журналист Дана Нұржігітке берген пікірінде. 

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

3 пікір