Сенбі, 23 Қараша 2024
1186 1 пікір 17 Қаңтар, 2024 сағат 15:04

Қырғызстанда 11 БАҚ өкілі 48 сағатқа қамауға алынды

edf

16 қаңтарда Қырғызстанның ішкі министрлігі тарапынан сұрауға алынған 11 БАҚ өкілі 48 сағатқа қамауға алынды

Қырғызстаннан қуылған журналист Болот Теміровтің хабарлауынша, Бішкектегі "Айт, айт десе" және "Темиров LIVE" жобаларының директоры Махабат Тажыбеккызы мен журналист Сапар Акунбековтің, Тоқмақ қаласындағы ақын Азамат Ишенбековтің үйін тінтіген.

Милиция журналист Сапар Акунбековті жауап алуға алып кеткен, оның үстінен "Жаппай тәртіпсіздікке шақыру" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Милиция "Теміров LIVE" жобасының бұрынғы қызметкері Актилек Капаровты да тергеп жатыр.

Одан бөлек "Политклиника" сайтының директоры Дильбар Алимова милиция редакция журналисті Тыныстан Асыпбековтің үйін тінтіді деп хабарлады.

Қырғызстан ІІМ бұған не түрткі болғанын әзірге түсіндірген жоқ.

15 қаңтарда Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкекте 24.kg агенттігінің кеңсесіне тінту жүргізіп, барлық техниканы алып, есігіне мөр басып кеткен. Агенттіктің бас директоры Әсел Оторбаева және бас редакторлар Махинур Ниязова мен Антон Лымарды жауап алуға алып кетті. Комитет агенттікті "Соғысты насихаттау" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тінтігенін хабарлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502