Жұма, 15 Мамыр 2026
2100 0 пікір 18 Қаңтар, 2024 сағат 15:10

Блогерлер Төребаев пен Шерниязов аппелляциялық шағым берді

Алматы қалалық соты қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан түскен апелляциялық шағымды қарауға кірісті.

Қалалық соттың баспасөз қызметі аталған іс бойынша апелляциялық шағым қаралып жатқанын растады.

Былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын.

Аталған қылмысққа қатысы бар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: Тотал Казахстан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2758
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1874