Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5167 0 пікір 31 Қазан, 2013 сағат 03:48

Елеужан Серімов. Заң, құқық саласындағы кісәпірлік "құбылыстар"

Болмысымыз момын болғаннан ба, сот дегенде ат үріккендей шошитынымыз рас. Зәуде бір заңға томпақ келіп қалып, әпселеңге түскен кезіңде иманың мен ар-ожданың, исхатың мен кісілігің сыналып, біліп-білмей істеген әрекетіңнің ақ-қарасына қарай қылдай мойныңа зілдей қамыт кигізуге үкім шығаралатын бірден-бір орын – сот. Тегеуіріндіден тепкі жеп, күштіден тар қыспақ көрген, әділет іздеп, төрелік сұраушылардың жүгінері мен сүйенері – қашан да осы сот орындары. Олардың кәсіби деңгейін қазiргi күні баспасөз беттерінде сот жүйесiндегi әдi­лет­сiз­дер­­ жайында жиі-жиі сөз болатынынан-ақ анық аңдауға болады. Әдiлетсiздiктер – қазiргi қо­ғам­­­да­­ғы бе­лең алған, әсiресе адам санасына түскен жегі құрт секілді дерттердiң бiрi. Әуел баста тер­­геушi өз iсiн әд­­iл жүргiзбегендiктен, жанама дәлелдерге құрылып, жа­зық­сыз­ мойнына кiнә тағылған ай­ып­талушылардың денi күн өткен сайын көбейіп барады. Елімізде заңның тиісті дәрежеде орындалуынын қадағалайтын орган — Бас прокуратураның дереккөзіне жүгінсек, 2012 жылдан бастап бір жарым жыл ішінде 855 адамның конституциялық құқы бұзылыпты, 105 адам заңсыз тұтқындалған, 209 адам заңсыз ұсталған, 372 адам қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған дейді.

Болмысымыз момын болғаннан ба, сот дегенде ат үріккендей шошитынымыз рас. Зәуде бір заңға томпақ келіп қалып, әпселеңге түскен кезіңде иманың мен ар-ожданың, исхатың мен кісілігің сыналып, біліп-білмей істеген әрекетіңнің ақ-қарасына қарай қылдай мойныңа зілдей қамыт кигізуге үкім шығаралатын бірден-бір орын – сот. Тегеуіріндіден тепкі жеп, күштіден тар қыспақ көрген, әділет іздеп, төрелік сұраушылардың жүгінері мен сүйенері – қашан да осы сот орындары. Олардың кәсіби деңгейін қазiргi күні баспасөз беттерінде сот жүйесiндегi әдi­лет­сiз­дер­­ жайында жиі-жиі сөз болатынынан-ақ анық аңдауға болады. Әдiлетсiздiктер – қазiргi қо­ғам­­­да­­ғы бе­лең алған, әсiресе адам санасына түскен жегі құрт секілді дерттердiң бiрi. Әуел баста тер­­геушi өз iсiн әд­­iл жүргiзбегендiктен, жанама дәлелдерге құрылып, жа­зық­сыз­ мойнына кiнә тағылған ай­ып­талушылардың денi күн өткен сайын көбейіп барады. Елімізде заңның тиісті дәрежеде орындалуынын қадағалайтын орган — Бас прокуратураның дереккөзіне жүгінсек, 2012 жылдан бастап бір жарым жыл ішінде 855 адамның конституциялық құқы бұзылыпты, 105 адам заңсыз тұтқындалған, 209 адам заңсыз ұсталған, 372 адам қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған дейді. Бұдан — сотқа дейінгі сатыдағы, дәлірек айтқанда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жүргізген тергеу амалдарындағы олқылықтан ғана емес, сонымен бірге сот үдерісіне қатысушылардың (прокурор, адвокаттардың) да кәсіби дең­гей­i­нiң­ осал түсiп жат­­­қа­ны­нан де­ген­ қорытынды шығаруға болады. Әдiлдiк категорияларының негiзгi қағидаттары осы­­ жерде босаң тар­туда. Бұрнағы жылдары Ел­­басы телеэфир ар­қы­­лы бе­р­ген­ бір сұх­ба­тын­да өзiнiң жарлығымен жиырмадан астам судьяны орны­нан­ ал­­астатқанын айтқан едi­. Ал солардың орнын басқан, бүгiнгi таңда сот жүйесiнде қызмет етiп жүргендер өндірдей жастар, өмірлік, қызметтік тә­­­жi­­ри­бесi аз мамандар. Қосылғыштардың ауыстырғанмен қосынды өзгермеуде. Көн құрысса қалыбына барадының керіндей. Қазір олардың да пышағы құйрық үстінде болып тұр. «Балталымен  алыссаң да, қалталымен қағыспа» деген сөз бар. Өмірдің ыстық-суығын татып үлгермей, қазанында қайнамай жатып, кесім айтатындарды көргенде, жігерің құмға сіңген судай боп, үнің шықпай қалады екен...

Қазіргі күні қай салада болмасын мемлекеттік қызмет мекемелерінде әдептіліктің жетіспеушілігі буы бұрқырап тұрған өзекті проблемаға айналуда. Бұның құқық қорғау органдарына да қатысы жоқ емес. Сот төрелігін ат­­­қа­руда, сот өндірісінде, соттық, прокурорлық жә­не­ тергеу органдарында ад­­ам­гер­шілік нормаларын қатаң сақтап, оларды өз­ орнымен дұрыс қолдана бі­­­лудің маң­ызы өте-мөте зор. Жасалынған қыл­мысты ашу, қылмыскерді ан­ық­тау, оны ұс­тау, қылмысына қарай әд­іл жаза тағайындау, оның кейінгі өмі­рін­де мәнді, маз­­мұнды ғұмыр ке­шуі қоғам мен­ адам мүд­делерінің етене қабысқан өзара бірлігінен ту­ын­дайды. Сот тө­релігін атқаратын органдардың өз өкілеттілігін іс жү­зінде жүзеге ас­ы­ру­ ба­­рысында азаматтардың құқықтарын қозғап, белгілі бір­ тұлғаға мем­лекеттік мәж­бүрлеу шаралары қолданылатыны аян. Азамат­тың­ ар-ұя­ты, бостандық-ер­кін­дігі, отбасындағы келісім үй­ле­сім­ді­лі­гі, яки, бір сөз­­­бен айтқанда, тағдыры қыл­­мыстық істер бойынша шығарылатын тер­­геу қо­­рытындысына тікелей бай­ла­­нысты. Ендеше қылмыстық істер бой­ын­ша сот­­тың тергеу қорытындысы заң жә­­не адамгершілік негіздерге сүй­е­ну­і аб­зал. Яғ­ни, қылмыстық істерді тергеп, сот­ шешімін шығарғанда, қыл­мысқа қар­сы­ кү­­рес шараларын қолдану заң талап­та­рына ғана емес, сон­дай-ақ ад­ам­гер­ші­лік­ мұраттарға да қатаң сәйкес болуы қа­жет, бас­қа­ша айтқанда, сот ор­ган­да­ры­ ал­дындағы қызметтік мақсаттар заңды не­­гізге ала отырып, адам­гер­ші­лік­ жолдар­мен шешімін табуға тиіс. Тоты құс қанатына қарап түрленіп, аяғына қарап қорланады дейді. Сот органдарына қарап қорланатындай болмайық. Соңғы жылдары сот әділдігі бағытында қаншама жұмыс атқарылды. Сот жүйесіне алқа билер институтының енгізілуі де осымен тікелей байланысып жатыр.

Соттағы алқа би мү­ше­лері алдын ала қалыптасқан пікір, көзқа­рас тұрғы­сы­нан ем­ес, сот­ тергеуі ба­ры­сында анықталатын, әйгіленетін анық дәлел­дер­ге­ сүй­е­ніп­ барып­ шешім қа­былдайды. Бұл институттың артықшылығы – көп­тен сот­ жүйесінде әбден қа­лыпқа түсіп қалған судья, өз кәсібі, тә­жірибесінің биігінен­ қыл­мысты бағаласа, алқа мүшелері мұндай күйді алғаш бастан ке­­ші­­ріп, сот­ үдерісіне сырт­тай­ емес, тұңғыш рет тікелей қатысып отырғандық­­тан­, сот тө­релігіне барынша жа­уапкершілікпен келуге ұмтылады. Сон­дық­­тан кә­сіби су­дья мен алқа мү­ше­ле­рі­нің пікірі бір жерден шыға бермеуі заң­дылық, қалыпты жағдай болуға тиіс. Бұл­ инс­ти­туттың ұтымдылық ер­екшелігі – алқа мүшелері өмірдің түр­лі жағ­да­ят­та­ры­нан­ жасалған қылмысқа су­дьялардай заңдық-технологиялық тұр­ғыдан қа­ра­май­ды,­ өмірдің өзегіндегі тәжірибеге сүйенеді. Әйтсе де алқа билерді сот үдерісіне қатыстырудың қарсы жақтары да бар. Ар­найы заңгерлік білімі, тәжірибесі жоқ­, сондықтан қарапайым адам (алқа билер) сезім жетегіне еріп, адам тағды­рын­ шешер тұста қателікке бой алдыруы мүмкін деген уәж айтылады.

Осының бәрі де заң, құқық саласында көрініс тауап жатқан кісәпірлік құбылыстар. 

 

Қарағанды қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965