Жұма, 20 Қыркүйек 2024
927 1 пікір 22 Қаңтар, 2024 сағат 11:28

Астанада Абылай Мырзахметовтің соты басталды

Елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор сотты жабық режимде өткізуге өтініш берді.

— ҚР Жоғарғы сотының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес жариялылыққа тыйым салу туралы өтініш, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушілердің, куәгерлердің, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет кезде ғана қанағаттандырылуға тиіс. Кодекстің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығын шектеуге жәбірленушінің, куәгерлердің, жақын туыстары мен сот отырысына қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздік мүддесін талап еткен жағдайда жол беріледі, — деді прокурор Бауыржан Шекенов.

Сондай-ақ, прокурор «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңның 7-бабына сәйкес қорғалатын адамдардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауы барысында нақты мән-жайларды ескере отырып, процесті жүргізетін орган жабық сот талқылауын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануға құқылы екенін айтты.

Бүгін Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтың ісіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Судья процесті фото, видеоға түсіруге тыйым салды.

Еске сала кетейік, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов өткен жылы 10 мамырда ұсталған еді.

Антикор таратқан ақпаратқа сәйкес, ол алаяқтық және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілікті.

2023 жылы 22 қарашада агенттік Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

«Атамекен» ҰКП экс-басшысына қатысты іс былтыр 21 желтоқсанда сотқа жетті.

фото: Tengrinews.kz

Abai.kz

1 пікір