Сенбі, 23 Қараша 2024
1311 3 пікір 22 Қаңтар, 2024 сағат 11:58

Алматыны жарнамалау: 80 млн теңгеге шетелдік блогерлер шақырылады

Алматы әкімдігі қаланы жарнамалау үшін 80 млн теңге бюджет қаржысына шетелдік блогерлерді жалдамақ. Бұл туралы Arbat.media жазды.

Шетелдіктерге арналған турды өткізуге арналған тендерді Алматы қаласының туризм басқармасы жариялаған. Техникалық сипаттамада әр турға 30 адам қатысатыны атап өтілген. Жалпы үш турға келген қонақтардың саны – 90 адам.

Турдың барлық қатысушылары бару-қайтуға эконом-кластық авиабилеттермен, күніне үш рет тамақтану кіретін төрт жұлдызды қонақүймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар оларға трансфер ұсынылады.

Блогерлер Түркия, БАӘ, Катар, Сауд Арабиясы, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания, Малайзия, Италия және Германиядан келеді.

Қонақтардың нақты тізімі әлі белгісіз, ол әлі қаланың туризм басқармасымен келісіледі.

Шетелдіктерге Көк базар, Медеу, Шымбұлақ, Алматы мұражайлары мен театрлары, саябақтар, Арбат, Шарын каньоны, Көлсай, Әнші бархан, Сұңқар питомнигі, Ғұндар этноауылы және Алматыдағы басқа да танымал орындарды көрсету жоспарлануда.

Сондай-ақ, блогерлерге қазақ тағамдарын дайындау бойынша мастер-класс өткізіледі, ұлттық кәдесыйлар беріледі. Қазақтың дәстүрлі ойындары ойнатылады.

Ақпараттық тур туралы жаңалықтар жергілікті БАҚ-та жарияланады, сонымен қатар делегаттармен 10 бейне сұхбат құрылады, онда олар тур туралы өз әсерлерімен бөліседі. Әр турдың ұзақтығы – 5 күн.

Фото: visitalmaty

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439