Сенбі, 23 Қараша 2024
1416 4 пікір 22 Қаңтар, 2024 сағат 14:24

Павлодардағы Ленин кентінің аты өзгерді

Павлодар қаласының іргесіндегі Ленин кенті көпшіліктің қалауымен Атамекен болып аталды. Кентте бүгінде 10 мыңнан аса халық тұрады.

Атамекен — Павлодар қаласының әкімшілік аумағына енетін үлкен кент.

Жергілікті жұрттың тең жартысы — өзіміздің қандастарымыз.

— Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 4 бірлескен қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 105/8 шешімімен Ленин кенті Атамекен болып қайта аталды, — деп хабарлады кенттің әкімдігінен.

Ертеректе бұл жерде Бидайық деген ауыл болған. Ертіс өзенінде көпір жоқ ескі заманда өзеннен арлы-берлі өткізетін паромды күтетін жолаушылар осы жерде түнеп отырған.

Ал кент ретінде негізі 1914 жылы қаланып, № 7 ауыл құрылады.

1965 жылы пролетариат көсемінің есімі берілді. Кеңес заманынан Павлодар қаласына қарайтын кентке тәуелсіздік жылдары ауылдардан көп отбасылар көшіп келді.

Атамекен облыс орталығы үшін географиялық тұрғыдан аса маңызға ие.

фото: tengrinews.kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435