Сенбі, 23 Қараша 2024
1121 1 пікір 23 Қаңтар, 2024 сағат 14:05

Қайырымдылыққа ақша жинау: Мобильдік аударым 100-ден асып кетсе не болады?

Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз жиынында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «Қайырымдылыққа ақша жинайтындардың мобильдік аударымы 100-ден асып кетсе, жазалана ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлеуметтік желіде аудиториясы  1 немесе 2 миллионнан асатындардың арасында қайырымдылыққа ақша жинайтындары бар. Сол кезде 100 адамнан асып кетеді. Көбісі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Осы жағдайда не болады? Қалай тексеріп жатсыздар?» – деп сұрады тілшілердің бірі.

Вице-министр бұл жағдайдан хабардар екенін айтты.

«Міндетті түрде блогер емес, жеке азаматтар да ондай қаражатты жинауы мүмкін. Бұл қаражат  көбіне бір баланың еміне жұмсалады. Ондай сәтте мобильдік аударым 100-ден асады. Сосын бізге хабарлама келеді. Біз оларға хабарласамыз. Қаражат жинаған адам аударымдарды көрсетеді. Кәсіпкерлік емес, қайырымдылық бағыт екенін түсіндіреді. Құжат жүзінде барлығын көрсетсе, ешқандай сұрақ туындамайды», – дейді Ержан Біржанов.

Фото: wise.com

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406