Ұйғыр ауданы: ұрлықты ұрып-соғып мойындата бере ме?
Редакциядан: Төмендегі арыз-шағым Алматы облысы, Ұйғыр ауданының орталағы Шонжы ауылының тұрғындары Долбаева Әсемхан мен Әсемханның ұлы Долбаев Бакытжанның тарапынан жазылыпты. Арызда айтылған жайтке қарасақ, Ұйғыр АІІБ полиция қызметкерелері Бақытжанды ұрып-соғып ол жасамаған ұрлықты күшттеп «мойындатқанға» ұқсайды. Арыз иелерінің жан-айқайы түпнұсақадағы қалпын сақтай отырып берілді. Арызда аты-жөндері көрсетілген Ұйғыр аудандық ІІБ-мінің полиция қызметкерлері қарсы жауап беріп, мәселенің мән-жайын ашып айтамыз десе, қарсылығымыз жоқ.
Алматы облыстық прокуроры
аға әділет кеңесшісі
Ғ.Т.Миразовқа
көшірмесі: Ұйғыр ауданы прокуроры
Редакциядан: Төмендегі арыз-шағым Алматы облысы, Ұйғыр ауданының орталағы Шонжы ауылының тұрғындары Долбаева Әсемхан мен Әсемханның ұлы Долбаев Бакытжанның тарапынан жазылыпты. Арызда айтылған жайтке қарасақ, Ұйғыр АІІБ полиция қызметкерелері Бақытжанды ұрып-соғып ол жасамаған ұрлықты күшттеп «мойындатқанға» ұқсайды. Арыз иелерінің жан-айқайы түпнұсақадағы қалпын сақтай отырып берілді. Арызда аты-жөндері көрсетілген Ұйғыр аудандық ІІБ-мінің полиция қызметкерлері қарсы жауап беріп, мәселенің мән-жайын ашып айтамыз десе, қарсылығымыз жоқ.
Алматы облыстық прокуроры
аға әділет кеңесшісі
Ғ.Т.Миразовқа
көшірмесі: Ұйғыр ауданы прокуроры
аға әділет кеңесшісі
Ш.Құтеловке
Алматы облысы Ұйғыр ауданы
Шонжы ауылы Нысанбаев көшесі
№ 38 үй тұрғыны Долбаева
Асемхан Тлепжановнадан
ұялы тел: 8778 859 78 87
үй телефоны: 872 778 21415
А Р Ы З
Менің арыз жазу себебім, жоғарыда көрсетілген мекен жайда 1967 жылдан бері отбасыммен бірге тұрамын. Өзім Шонжы ауылындағы № 2 Ж.Кұдайбергенов атындағы орта мектепте жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта аталған үйде енем, күйеуім, балаларым тұрып жатырмыз. Бізбен бірге 1991 жылы туылған балам Бакытжан бірге тұрады. Өзі Ұйғыр ауылдық әкімшілігінде жүргізуші болып жұмыс істейді.
30 қазан 2013 жылы, түс мезгілі, сағат 14.00-дер шамасында балам Долбаев Бақытжан үйден түскі асын ішіп жұмысқа кеткен болатын. Сол кеткен уақыттан балам үйге 31 қазан 2013 жылы, кешкі сағат 20.00 - лдер шамасында келді. «Баламнан қайда болдың?» - деп сұрағанымда, ол өзін полиция қызметкерлері жұмысынан алып кетіп, Ұйғыр АІІБ-мінің ғимаратына апарып, жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында полиция қызметкері Курбаниязов Бакытжанның кабинетінде заңсыз қамап ұстап, сол жерде оған зорлық зомбылық жасап, ұрып соғып, өзінің жасамаған ұрлықтарын мойындатып, хаттамаларға қол қойдырып алғанын айтты.
Балам үстіндегі киімін шешкен кезде, оның денесінің сау тамтығы қалмағанын көрдім. Денесінің бірнеше жерінен көлемі 3х5 см. болатын көгерген, сырылған қанталаған дене жарақаттары бар екен. Балам маған, алған соққыдан қолдарын көтере алмай қалғанын, бүйрегі ашып ауырып тұрғанын айтты. Мен жедел жәрдем шақыртайын ба деп сұрадым. Балам маған қажет емес деп айтты. Алайда, түнде балам ауырып, температурасы көтеріліп, құсып ұйықтай алмады.
Мен Ұйғыр АІІБ-мінің полиция қызметкерлерінің баламды ешқандай себепсіз ұрып соғып, жасамаған қылмысын күшпен мойындатқанына ызаланып, 1 қараша 2013 жылы Ұйғыр аудандық прокуратурасына арыздандым.
Менің арызымды тексеру Ұйғыр аудандық прокурорының аға көмекшісі Игібаев Дауренге тапсырылды. Игібаев Даурен баламды Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына алып барып, баламның дене жарақаттары бойынша анықтама алды.
Дәрігерлер баламды стационарлық емделуге жат деп айтты. Прокурордың аға көмекшісі Д.Игібай, «мен Бакытжаннан түсінік алып алайын»- деп аудандық прокуратура ғимаратына алып келді. Прокурор Д.Игібай баламнан түсінік алып отырған уақытта оның кабинетіне Ұйғыр АІІБ-нің екі қызметкері рұқсатсыз кіріп келіп, баламды Ұйғыр АІІБ-міне алып кетпекші болған. Прокурордың аға көмекшісіне олар «біз Долбаев Бакытжанды алып кетуге келдік, бастықтар солай тапсырма берді» деп тұрып алған. Қадағалаушы органның ғимаратына баса көктеп кіріп, тексеру жүргізуге кедергі келтірген. Баламнан түсінік алып болған соң прокуратура ғимаратынан шыққан кезде прокуратура ғимаратын 7-8 полиция қызметкері қоршап тұр екен. Екі полиция қызметкері балам ғимараттан шықан бетте қолдарынан ұстап, полиция автокөлігіне сүйрей жөнелді. Мен жылап, айғайлап олардың қолдарына асылдым. Осы кезде прокуратура ғимаратынан прокуратура қызметкерлері Садиров Фархат пен Игібай Даурен шығып, полиция қызметкерлеріне «баланы босатыңдар» деп айғайлады. Олар прокурорлардың айтқанын тыңдамады. Осыдан соң мен тағы олардың қолына асылып, баламды жіберіңдер деп жылап жібердім. Прокурордың аға көмекшісі Д.Игібай полиция қызметкерлерінің қасына өзі жүгіріп келіп, баламды олардың құрсауынан босатты.
Қазіргі уақытта балам Долбаев Бақытжан полиция қызметкерлерінің ұрып соғуы салдарынан алған дене жарақаттарына байланысты Ұйғыр аудандық орталық ауруханасында стационарлық ем қабылдауда.
Балам Бақытжан өзінің ешқандай қылмыс жасамағанын, полиция қызметкерлері ұрып соғып, әр түрлі уақытта Шонжы ауылында жасалған 4 ұрлық фактісін өзіне күшпен мойындатқанын көрсетіп отыр.
Балам бұрын ауырып, омыртқасына, ішкі құрылысына операция жасалған. Денсаулығы жақсы емес, ауыр жұмысқа жарамайды. Өзін полиция қызметкерлері ұрған кезде, бұрынғы операция жасалған органдарыма зақым келеді деп қорқып, өзі жасамаған қылмыстарды мойындаған болса керек.
Полиция қызметкерлерінің аудандық прокуратура қызметкерлерінің жұмысына заңсыз араласып, олардың сөзін мүлде тыңдамай, прокуратура ғимаратының алдында заңсыз іс әрекеттер жасауы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жүгенсіз кеткендігіне куә болады.
Балам Бақытжанның Ұйғыр АІІБ-мінде бір тәуліктен аса уақыт заңсыз ұсталғаны, полиция қызметкерлерінің аудандық прокуратураға келіп қоқан-лоққы жасауы аталған мекемелердегі видео қондырғыларға түскен запистермен дәлелденеді.
Сіздерден менің арызымды жан-жақты, объективті түрде тексеріп, баламды ұрып-соғып, қылмысты күшпен мойындатқан полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тартып, балама қатысты қылмыстық қудалауды қысқартуды сұраймын.
Арыз иесі: Долбаева Асемхан
Алматы облыстық прокуроры
аға әділет кеңесшісі
Ғ.Т.Миразовқа
көшірмелері: Алматы облыстық ІІД-нің бастығы
полиция полковнигі
М.Ж.Үрүмхановқа
Алматы облысы ІІД-нің
Өзіндік Қауіпсіздік Қызметіне
Ұйғыр ауданы прокуроры
аға әділет кеңесшісі
Ш.Құтеловке
Алматы облысы Ұйғыр ауданы
Шонжы ауылы Нысанбаев көшесі
№ 36 ұй тұрғыны
Долбаев Бахытжан Ермекұлы, 28.06.1991 жылы туылған
ұялы тел: 8771 415 89 68
үй телефоны: 872 778 21415
А Р Ы З
Мен 1991 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында туылдым. Қазіргі уақытта Шонжы селолық округінің әкімшілігінде құрылыс бөлімі бастығы Баратов Гайнидиннің жүргізуші болып жұмыс істеймін.
30 қазан 2013 жылы, түс мезгілі, сағат 14.00-дер шамасында үйге түскі асқа барып келген болатынмын. Сағат, 14.30-дар шамасында менің жұмысыма Ұйғыр АІІБ-нің учаскелік инспекторлары Фархат, Шамиль деген қызметкерлер келіп, «Ұйғыр АІІБ-міне жүр, бір екі сұраққа жауап бересің, содан кейін жібереміз» деді.
Ұйғыр АІІБ-нің ғимараты алдында Калмыков Игорь тұр екен. Участкелік инспектор оған «міне, алып келдім» - деп мені көрсетті. Ол мені көріп, ұят сөзбен мы его ........будем-деп айтты.
Ол темекісін тартып болып, мені ертіп, ғимарттың екінші этажындағы Курбаниязов Бакытжан деген қызметкердің кабинетіне алып кірді. Кабинетке Курбаниязов Бакытжан және Шамил деген қызметкерлер келді. Олармен Ұйғыр АІІБ-нің криминалисі келді. Оның аты-жөнін білмеймін.
Бакытжан кабинетке кіріп, пистолетін сейфке салып, маған «сендердің не істеп жүргендеріңді білемін, сендер өзі не істеп жүрсіңдер?», - деді. Мен одан біздер не істедік деп сұрадым. Сол кезде, Б.Курбаниязов, орыс тілінде шешемнен боқтап, маған жаман сөздер айтты. Осы кезде кабинеттің есігін біреу қақты. Ол олардың бастығы Сыдықов Руслан екен.. Ол есікті тақылдатты, себебі есік жабық тұрған болатын.Ол кабинетке кіріп, есікті іштен іліп алдыда Курбаниязовтың орынына отырып, маған қарап, «тұр» деп орыс тілінде шешемнен боқтады. Мен орнымнан тұрдым. Ол менің қасыма келіп, мұндай адамдармен мен сияқты сөйлесу керек деп жұдырығымен бүйрегімнен, асқазан тұсынан, арқа тұсымнан бірнеше рет ұрды. Ол мені сол жерде 10-15 минуттай жұдырықтың астына алды. Аузынан жаман сөздер кетіп жатты. Сол кезде есікті біреу қағып, әйел келді деп айтты.
Мені Калмыков Игордың кабинетіне алып барды. Кабинетте мен танымайтын бір әйел отыр екен. Калмаков әйелге «мынау ма?» деп сұрады. Отырған әйел мені көріп осы ғой деймін деп сенімсіз жауап берді.
И.Калмыковтың кабинетінен шыққан соң, мені Шамил ертіп қайтадан Курбаниязов Бакытжанның кабинетіне алып барды. Сол кабинетте Сыдықов Руслан сенің бастығың Баратов Гайнидиннің үйінде екі рет ұрлық болған, ақша ұрланған, соны мойныңа ал деді. Мен ұрлық жасағаным жоқ, не себептен мойындаймын дедім. Одан басқа, сен Ұлбосын деген әйелдің үйіне ұрлыққа түскенсің, соны мойында деді. Мен ол әйелдің үйіне ұрлыққа түскен жоқпын, мойындамаймын дедім. Осыдан кейін, кабинетте болған Сыдықов Руслан, Курбаниязов Бакытжан және криминалист жігіт үшеуі мені соққының астына алды.
Бірнеше рет есімнен танып қалдым, олар мені ұруын жалғастырды. Мен олар қайта-қайта соққыға алғаннан кейін, мүгедек болып қалудан қорқып, айтқан қылмыстарын мойындауға мәжбүр болдым. Б.Курбаниязов қазір тергеушіге барамыз, сен осы қылмыстарды мойындап айтып бер, сонда біз саған тимейміз, үйіңе қайтарамыз деді. Мен қалай болса да олардан құтылып үйіме кету үшін айтқан қылмыстарын мойындауға мәжбүр болдым. Олар мені тергеуші А.Бірімқұловқа алып барды. Тергеуші А.Бірімқұлов маған жасаған қылмыстарыңды айт деді. Сол жерде менің атымнан Б.Курбаниязов тергеушіге менің не істегенімді өз аузымен айтып берді. Тергеуші содан кейін енді Б.Курбаниязовтың айтқандарын қайтала деді. Мен қылмыстарды мойындаймын дедім. Бұл 30 қазан күні, сағат кешкі 20.30-дар шамасы болатын. Қылмысты мойындатқаннан кейін полиция қызметкерлері мені ұрмады.Сол күні полиция қызметкерлері мені Бутенов Асқардың кабинетінде ұстады, үйге жібермеді. Кеште кафеден тамақ әкеліп берді. Тамақтың ақшасын өзіме төлетті. Тамақ ішіп отырған кезде Р.Сыдықов маған Шонжыда 38000 доллар ұрланған, соны да өз мойыныңа аласың, деді. Тағы бір ұрланған мылтықты мойыныңа ал деп қосты. Мен оларға қылмысты алмайтынымды айттым. Олар мені тағы да ұрды. Біраз соққылап, мен қылмысты алмағанан кейін, 4 қылмысты мойындағаны жетеді деп, олар мені ұруларын тоқтатты.
Полиция қызметкерлері мені 30 қазан 2013 жылы, сағат 14.30-да полиция ғимаратына алып кірген уақыттан, 31 қазан 2013 жылы, сағат 19.30-ға дейін ғимарат сыртына шығармай заңсыз ұстады. Олар мені полиция ғимаратының ішінде ұрып соғып, менің жасамаған «қылмыстарымды» мойындатты. Олардың ұрып соғу салдарынан, бүйрегім, іш құрылысым ауырып, қолдарымды көтере алмай қалдым. Денемнің бірнеше жерінен көгерген, соғылған, сызылған дене жарақаттарын алдым.
Мен олардың айтқан қылмыстарының бірде-біреуін жасаған жоқпын, олар мені заңсыз ұрып соғып, жасамаған қылмыстарды мойындауға мәжбүр етті.
Сондықтан, Сіздерден менің арызымды жан-жақты, объективті түрде тексеріп, мені ұрып-соғып, қылмысты күшпен мойындатқан полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тартып, маған қатысты қылмыстық қудалауды қысқартуды сұраймын.
Арыз иесі: Долбаев Бақытжан
Редакциядан: Ауыр дене жарақатын алып, денсаулығының нашарлауына байланысты Бақытжанды бүгін туысқандары Алматы қаласына жеткізді.
Abai.kz