Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1044 0 пікір 24 Қаңтар, 2024 сағат 14:19

Петропавлда көпқабатты үйлер жылусыз қалды

Петропавлда жылу желісінде апат болып, жақын маңдағы көпқабатты үйлер жылудан ажыратылды, деп жазды Kazinform.

Петропавлда жылу желісінің құбыры жарылып, ыстық су далаға ағып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, жақын маңдағы жертөлелер де ыстық суға толған.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Петропавл жылу желілері» ЖШС Н.Назарбаев 154 және Егемен Қазақстан, 118 мекенжайларының маңында 200 мм жылу құбырының жарылғандығын анықтады.

Қазіргі уақытта авариялық бригада – 6 маман және 4 арнайы техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сол маңдағы тұрғын үйлер жылусыз отырмақ.

Жылу желісінен:

Жұмабаев көшесі, 116, 107, 109, 118,
Н.Назарбаев көшесі, 117, 136, 138, 154, 156, 156A, 158,132,134,130,
Егемен Қазақстан көшесі, 118 ,
Абай көшесі, 30, 34 , 40 , 31, 33, 35, 25 , 52, 52а, 25а, 33а,
Бостандық көшесі, 11, 13, 16 а,
Интернационал көшесі, 30 , 30 А ,32, 34
Пионер көшесі, 3,7,9,10, 20, 34,
Совет көшесі, 53, 54а,
Пушкин көшесі, 95 а мекенжайындағы үйлер ажыратылды.

Яғни 28 көпқабатты тұрғын үй, 6 жеке үй, бір балабақша және 7 кеңсе жылусыз қалды.

Мамандардың айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары кешкі сағат 20.00-ге дейін жоспарланған.

Фото: Анастасия Дроняк

Abai.kz

0 пікір