Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4017 0 пікір 22 Қазан, 2013 сағат 14:49

Отын жаратын машина. Ол қандай?

Марқа өңіріндегі Төсқайың ауылының тұрғындары ағайынды Вологовтарды ерекше құрмет тұтады. Себебі, бұл ауылда Василий мен Сергейге ісі түспейтін адам жоқ десе де болады. Темірден түйін түйген, ағашқа жан бітірген қос шебер алдына келген жанның көңілін қалдырып көрген емес. Әсіресе, қазіргідей жұрттың шөп шауып, егін жинап жатқан шағында Вологовтардың қадірі аспандап-ақ тұр.

Өйткені, олар өздері құрастырған темір дәнекерлейтін, кесетін, тесетін аппараттарымен күніне әлденеше сынған бөлшекті жамап-жасқап, кесіп-тесіп дегендей, қалпына келтіріп отырады. Жаз бойы жауған жаңбырдан кейінгі ашық күндерде ауыл тұрғындары жанталасып қолдағы малына шөп шауып алуға күш салатыны белгілі. Техника болған соң сынбай тұрмайды. Жұмыстың күйіп тұрған уақытында бір бөлшек сынса, шалғайдағы ауылдан орталыққа келіп, оны тауып алудың оңайға түспейтіні анық. Бір сағат уақыттың өзі қат болып тұрған кезеңде бөлшек іздеп, сабылып жүретін жағдай да жоқ. Міне, сондай кезде шаруалар салып ұрып ағайынды Вологовтарға келеді. Оларда бұлдану, сылтау айту деген болмайды. Және Василий мен Сергейдің қолынан жөнделіп шыққан бөлшектің зауыттан жаңа шыққан дүниеден олқы түспейтініне ауылдастары сенімді. Жағдайға қарасқанды жөн көретін шеберлер мүмкіндігі аз ауылдастарына тегін де көмектесе береді.

– Бүгінде халқы азайып, үй басы шағында-лып қалған ауыл үшін осы екі азаматтың шын сүйенішке айналғаны жалған емес, – дейді Төсқайың ауылдық округінің әкімі Әлижан Беткенбаев. – Менің риза болатыным – ағайынды шеберлердің ешқайда көшпей, туған жерде халқының кәдесіне жарап отырғаны. Тумысынан қарапайым, кішіпейіл жандар кім келсе де ойланбастан қолұшын беруге әзір тұрады. Сондықтан да ауыл жұрты оларды ерекше сыйлап, әрдайым құрметтеп жатады.

Вологовтарда дәнекерлеу аппараты, токарь станогы, ленталы пилорама, компрессор, электр бұрғы, көрігі дүрілдеп тұрған ұстахана сияқты шаруашылыққа қажетті барлық құрал-саймандар бар. Және олардың барлығы жұмыс істеп, жұрт сұранысын қанағаттандыруда.

«Қаба» совхозында көп жылдар бойы дәнекерлеуші болып жұмыс істеген Сергейдің өз ісінің асқан шебері екенін төсқайыңдықтар жарыса айтып жатады.

Ағайынды екеуі тұрмысқа қажетті техниканы қолдан да құрастырып ала береді екен. Мәселен, олар жақында картопты өзі егіп, өзі қазатын мәшине жасап шығарыпты. Қытай өндірісінің кішкентай тракторына тіркелген осы мәшине үлкен бақшалықтың картобын аз уақыттың ішінде жинап алуға мүмкіндік береді.

Ал Сергейдің өзі құрастырған шөрке жаратын мәшинесі отынға үнемі қарағай жағатын қабалықтар үшін өте қажетті құрал болып отырғаны рас.

– Қан қысымым көтеріліп, аяқастынан сырқаттанып қалдым, – дейді Сергей біздің сауалымызға қысыла жауап беріп. – Медицина тілімен айтқанда, инсульт алдым. Ем-домның арқасында денсаулығым біраз түзелгенімен, бұрынғыдай жуан шөркені құлаштай ұрып, жаратын жағдайдың енді болмайтынын ұғындым. Сөйтіп, осы ауыр жұмысты жеңілдетудің амалын қарастыра бастаған болатынмын. Ақырында мынадай техника дүниеге келді.
Осылай деп ол бізге өз қиялынан туған туындыны көрсетті. Енді отынды қара тер болмай-ақ электр тогының күшімен ұсақтап, даярлауға болады екен.

– Мен осы жерде туып-өстім, – дейді Сергей Витальевич, – ешқайда көшетін ойым жоқ. Төсқайыңның барша тұрғыны туысым секілді, бір-бірімізге деген сыйластығымыз күшті, оларды тастап қайда барамын? Ал таныс адам әлденеге мұқтаж болып, жәрдем сұрап келіп тұрса, қалай бас тартасың? Шаруа еңбегін жеңілдетудің жолын іздегенім – еріккендік емес, табиғаты қатал өңірде тауқыметтің түр-түрін көріп жүрген ауылдастарымның ауыр еңбегін сәл де болса жеңілдетуге тырысқаным деп біліңіз.

Біз Сергейдің ағынан жарылып, ақиқатын айтып тұрғанына сендік. Адал да еңбекқор, елгезек, әрдайым ізденіс үстінде жүретін азаматтардың орны бөлек екендігін де мойындадық.

Хасен Зәкәрия

Күршім ауданы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5323