Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1982 8 пікір 26 Қаңтар, 2024 сағат 13:23

Психдиспансердегі екі күндік емдеуден соң Руза Бейсенбайтегі үйіне оралды

Сурет: Google іздеу жүйесінен алынды

Белсенді Ботагөз Иса Руза Бейсенбайтегін «күшпен» алып кеткенін жазған еді. Енді осыған қатысты ресми билік төмендегідей өз жауабын бергеніне куә болдық.

Онда: «Ағымдағы жылдың 24-қаңтар күні сағат 16:20 шамасында 103 нөміріне Павлодар қаласында әйел адам көшедегі азаматтарға агрессия танытып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген медициналық бригада психикалық ауытқулары белгілерімен 66-жастағы әйел адамды Р.Б. Павлодар облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығына жеткізді.

Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай, консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды.

Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады», - делінген.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 464
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2140
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1817
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 953