Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1923 6 пікір 26 Қаңтар, 2024 сағат 17:11

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяға барып, үш жыл жұмыс істей алады

Сурет: Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметі

Қазақстан азаматтары заңды түрде Оңтүстік Кореяға барып, үш жыл жұмыс істей алады, деп баяндады Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, осы айдан бастап қазақстандықтарды аталған елге жіберуге арналған Сапар орталығын ашу жұмыстары басталды. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерге тілдік курстарды оқыту, корей тілінің тестілеуі, біліктілігін арттыру. Нәтижесінде аталмыш орталық арқылы Қазақстан азаматтары Кореяда үш жылға дейін жұмыс істей алады.

– Тестілеу орталығы Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылады. Аталған мекеменің қажетті материалдық-техникалық базасы, оқу аудиториясы бар. Заманға сай құралдармен жабдықталған. Тестілеу орталығының 500-ге тарта компьютер орыны бар. Қазақстан азаматтарын Қонаев көпбейінді колледжінде оқыту көзделіп отыр. Яғни, Оңтүстік Кореяға бармас бұрын олар оқытылады, – дейді Асқарбек Ертаев.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 669
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2625
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1689