Сенбі, 23 Қараша 2024
819 0 пікір 29 Қаңтар, 2024 сағат 14:57

Баласына тәрбие бермеген 1000-нан астам ата-ана жауапқа тартылды

Балаларына тәрбие бермеген 1 057 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты.

«Тұрғылықты жері бойынша полицияның профилактикалық есебінде тұрған барлық адамдар, сондай-ақ қолайсыз отбасылар тексерілді. Бүгінгі таңда есепте құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған 120 мың адам тұр. Бақылау барысында белгіленген шектеулердің 1,5 мың бұзушылығы анықталды. Қорғау нұсқамасын бұзған 557 агрессор және мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды орындамаған 531 құқық бұзушы қамауға алынды. Балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылды. Оның ішінде 1 057 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, 201 факті бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді. Мысалы, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы педиатрдан хабарлама келіп түскен. Тексеру кезінде жас ананың ішімдік ішкені, нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болған.

«Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімі бойынша алкоголизммен ауыратын 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды. Жүктелген міндеттерден қасақана жалтарғаны үшін сотталған 101 адамға қатысты, соттарға жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсынымдар жіберілді», - деді Ақмарал Серікбаева.

Фото: school592.ru

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338