Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1180 7 пікір 29 Қаңтар, 2024 сағат 17:17

Путин тағы да президенттікке үміткер

Сурет: facebook.com сайтынан алынды

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы Ресей президенті сайлауына кандидаттарды тіркеді. Қатарда әдеттегідей 71 жастағы Владимир Путин де бар, деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

 Қазір ол сайлауда тіркелген төртінші кандидат.

Бұған дейін сайлау комиссиясы ЛДПР партиясының басшысы Леонид Слуцкийді, Ресей мемлекеттік думасының вице-спикерін, "Жаңа адамдар" партиясының мүшесі Владислав Даванковты, сондай-ақ Ресей мемлекеттік думасының (КПРФ фракциясы) депутаты Николай Харитоновты кандидат ретінде тіркеген.

"Өзін-өзі ұсынушы" ретінде сайлауға қатысушы Путинді "Единая Россия" партиясы ресми түрде қолдайды.

Естеріңізге сала өтсек, Ресейде президент сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтеді.

Путин алғаш рет Ресей президенті болған 2000 жылы бір адамға арналған ең көп мерзім екеумен шектелген. Содан кейін президенттік мерзімі төрт жылға, 2008 жылы ол алты жылға дейін ұзартылды.

2020 жылғы Ресей Конституциясына қабылданған түзетулер Путиннің алтыншы рет сайлануына мүмкіндік бермек. Бұл жолы да Путин билікке жайғасса,  оның өкілеттік мерзімі 2036 жылы аяқталады. Бұл жағынан Путин билік басында ұзақ болған Сталинмен теңесіп, тіпті одан басып озуы мүмкін.

Дариға Ержанқызы

Abai.kz

7 пікір