Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
2481 1 пікір 30 Қаңтар, 2024 сағат 11:41

Майқайың кенішінен автобустың дөңгелегі табылды

Алтын кенішіндегі шұңқырға түсірілген экскаватордың көмегімен автобустың қосалқы доңғалағы табылды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Telegram каналында: «Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл — шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуда» деп жазған еді.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар тапқан бөлік автобустың қосалқы дөңгелегі екенін хабарлады.

Аталған жерде гидравликалық балғасы бар экскаватор тас ұсақтау жұмысын жалғастырып жатыр.

Ішінде екі құтқарушы бар автобус сол маңда жатуы мүмкін.

Фото: Валерий Бугаев

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 775
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1078