Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2054 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 07:45

ЖАҢА МИНИСТРДІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ: ӨЗІ ДЕ БІЛМЕЙТІН ӨЗГЕРІС

Басынан дау арылмаған білім саласына қан жүгіртіп, қожыраған жүйені өзгертемін деп ант-су ішкен  Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов апта басында Үкімет мүшелеріне отандық білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған бағдарламасын апарып таныстырып қайтты. Баяндама барысында алдағы уақытта білім саласында ауқымды өзгерістер болатынын, сынақ алаңына айналып кеткен ведомстваның  көшін түзеуге уәде етті.
Еліміздің бас ұстазы реформасын басқа емес дәл мектеп табалдырығынан бастамақ көрінеді. Алдымен ескі сүрлеуге негізделген мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Сосын Ұлттық бірыңғай тест жүйесінің ережесі жаңартылмақ. Ақыр соңында мемлекеттік негіздегі жоғарғы оқу орындарының бірін қалдырмай жекенің қолына беріп тынбақшы. «Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсе¬ке¬лестікті күшейту мақсатында жасалғалы отырған шара. Ал бәсеке болған жерде сапалы білім алуға болады», – дейді Сәрінжіпов мырза.
Кім білсін, бәрін уақыт көрсете жатар. Алайда бұл жоспарды іске асыруға бас мұғалімнің қызметтік ғұмыры жетер ме екен? Өйткені, атышулы бұл салаға келгендердің көп отыра қоймайтыны бар. Еліміз жеке ел болғалы жиырма жылдың ішінде Аслан мырзаға дейін он екі министр келіп-кетіпті. Қайсысы болмсын тыңнан жаңалық ашуға тырысып жатады. Ешқайсысы да өзінен бұрынғы әріптесінің ісін жалғастыруды көздеген жоқ.

Басынан дау арылмаған білім саласына қан жүгіртіп, қожыраған жүйені өзгертемін деп ант-су ішкен  Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов апта басында Үкімет мүшелеріне отандық білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған бағдарламасын апарып таныстырып қайтты. Баяндама барысында алдағы уақытта білім саласында ауқымды өзгерістер болатынын, сынақ алаңына айналып кеткен ведомстваның  көшін түзеуге уәде етті.
Еліміздің бас ұстазы реформасын басқа емес дәл мектеп табалдырығынан бастамақ көрінеді. Алдымен ескі сүрлеуге негізделген мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Сосын Ұлттық бірыңғай тест жүйесінің ережесі жаңартылмақ. Ақыр соңында мемлекеттік негіздегі жоғарғы оқу орындарының бірін қалдырмай жекенің қолына беріп тынбақшы. «Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсе¬ке¬лестікті күшейту мақсатында жасалғалы отырған шара. Ал бәсеке болған жерде сапалы білім алуға болады», – дейді Сәрінжіпов мырза.
Кім білсін, бәрін уақыт көрсете жатар. Алайда бұл жоспарды іске асыруға бас мұғалімнің қызметтік ғұмыры жетер ме екен? Өйткені, атышулы бұл салаға келгендердің көп отыра қоймайтыны бар. Еліміз жеке ел болғалы жиырма жылдың ішінде Аслан мырзаға дейін он екі министр келіп-кетіпті. Қайсысы болмсын тыңнан жаңалық ашуға тырысып жатады. Ешқайсысы да өзінен бұрынғы әріптесінің ісін жалғастыруды көздеген жоқ. Жұрттың есінде тек атышулы бағдарлама авторы ретінде қалғаны болмаса, бір де бірі нақты жоспарын аяғына дейін жеткізе алмапты. 
Қол астындағылар бюджет қаржысын сорып жатқанда қамсыз қарап отырды деген айыппен бұрынғы басшы Бақытжан Жұмағұловтан кейін Білім және ғылым министрі болып Аслан Сәрінжіпов келгенде жұрт «өзгерістен көз ашпай тұрған білім саласын бір арнаға түсірер, бәлкім» деп үмітпен қараған еді. Алайда бұл жолы да жұрт күткендей болмады. Шенеунік ретінде Үкімет үйіне бас сұққан алғашқы күні-ақ білім саласында айтарлықтай өзгерістер болатынын мәлім етті. «Министрліктің жұмысымен әлі де танысып үлгерген жоқпын. Алайда соған қарамастан, арнайы бағдарлама дайындатып жатырмын. Білім саласында кезекті өзгерістер болады. Бұл туралы жақын күндері үлкен мәлімдеме жасайтын боламыз», – деген-тін. Ақыры сөзінде тұрды. Апта басында Үкімет мүшелеріне бума-бума құжат апарып таныстырып қайтты. 
Енді осы Сәрінжіпов реформасына тоқталайық: Бағдарламасын таныстыру кезінде министр отандық білім беру саласын жаңаша дамытуды мақсат етіп отырғанын айтып қалды. Сондай-ақ. бала бақшалардың санын арттырып, мектептерде білім берудің жаңа стандартын енгізіп, өмірде көз көріп, құлақ естімеген мамандықтар ашсам деген арманы барын жайып салды. «Қазір технологиялар жыл сайын жаңарып тұрады. Сондықтан болашақта біз білмейтін мамандықтардың болатынын ескеріп, балаларды соған қарай дайындау қажет», – дейді Аслан Сәрінжіпов. Бірақ ондай мамандықтардың қандай формаға негізделетінін әрі қандай болатынын бас мұғалімнің өзі де білмейді екен. «Қандай мамандық екенін әлі өзім де айта алмаймын. Бірақ, бәрібір өзгерту керек. Жаңа бағдарлама оқушылардың өзбетінше ақпарат іздеп, болашақта дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік беруі тиіс», – дейді ол. 
Министр сонымен қатар, 2015 жылға дейін еліміздің барлық мектептерінде жаңа стандарттық негізде білім беру жүйесіне көшетінін айтты. «Осыған орай,  Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны да өзгертілетін болады. Жылда арты үлкен дауға ұласып жататын тестілеу жүйесін жаңғыртамыз. Бұдан былай оқушының ойын толық жеткізуге мүмкіндік беретін және эссе жазуға міндеттейтін сұрақтар қосылады», – дейді ол. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сондай-ақ бұдан бөлек кәсіптік-техникалық білім беру саласында педагог мамандардың тең жартысы қайта даярлаудан өткізілетінін айтты. Ақыр соңында еліміздегі жоғары оқу орын¬дары жаппай жекенің қолына өтетін тәрізді. 
Қысқасы, білім саласының тізгінін алып отырған 13-ші  министрдің жоспары көп секілді. Университеттерді мемлекет меншігінен шығару арқылы жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті күшейтуге болады деп түсіндірген ол алдағы уақытта қазақ тілінде сабақ беретін оқу орындарының саны артатынын айтып өтті. Болашақта таза қазақ тілінде білім беретін балабақшалардың саны – 2000-ға, мектептер – 4000, ал колледждердің саны 150-ге дейін жететін болады», – дейді министр. 
Бүркіт НҰРАСЫЛ
"Халық сөзі" газеті
0 пікір