Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 1750 10 пікір 5 Ақпан, 2024 сағат 14:43

Көпұлттылық мифінен қалай құтыламыз?

Сурет informburo.kz сайтына тиесілі

Қазір Қазақтанда КСРО мифі – «Қазақстан көпұлтты мемлекет» деген тұжырым орнығып, соған жұрттың 40 пайызы және биліктегі әкім-қаралар имандай сенетін күйге ұшырадық.

«140 ұлтты елміз» деген пәлекет ойлап табылып, сол ұлттардың тізімі 0,1 пайыз деген көрсеткішпен, ұлтқа ұялмай ұсынылатын болды.

Ал Ата Заңымыздың 2-бап 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет», - деп жазылған.

«Көпұлтты федерациялы ел» деген жоқ!

Әлем бізде: «140 ұлт тұрады», - демейді. «Орыс және ана тілінде сөйлейтін қазақтар тұрады», - деп таниды. Және Қазақстанда автохон бола алмайтын, бірақ, тағдыр айдауымен 1730 жылдан бастап еліміздің әр түпкіріне қоныстанған диаспорлар бар екені жасырын емес.

Оларды қоныстануына қарай: «шоғырланған, шашыраған және аралас орналасқан халықтар» деп бөлеміз. Және олардың сөйлеу тілі не орыс тілді, не қазақ тілді болып бөлінеді. Олар өз тарихи отанында емес, патшалық және қызыл билік кезінде қазақтан тартып алынған жерлерді мекендеп отыр. Әрі 25 мыңнан 1 млн дейінгі аралықтағы осы ірілі-ұсақты диаспорлардың қазақтың салық комитетін керек те етпейтін өз көлеңкелі бизнесі бар.

Осы мәселе ғалымдарымыз тарапынан жете зерттеліп, КСРО мифі – «Қазақстан көпұлтты мемлекет» деген тұжырымға нүкте қоятын кез келген сияқты!

Жаңа Қазақстан мемлекетімізге таңылған осындай орынсыз мифтерден арылуға тиіс. Бірақ осы қадамға ел мен жер иесі – қазаққа не ұлттық, не діни партия құрғызбай отырған билік бара қояр ма екен.

Ал, зияларымыз: «Біз Алаштанушымыз, оның анасын зерттеп жатырмыз, мынасын қарастырып жатырмыз», - деп ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейді. Бірақ: «Алаш» партиясын жаңарта құруымыз керек», - деген уәжді сөз ауыздарынан шыққан емес. Неге?

Назарбаевтың Жарлығымен 1995 жылғы 1 наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл санамызды уландырды. Біртұтас елді ұлт пен ұлысқа бөлді. Енді осы әлемде жоқ бәлекеттің келесі жылы тарихи сахнасынан кететіне кім кепіл бола алады?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366