Құжаттың түсіндірмесінде шетелде туып, Ресей азаматтығын алғандар әскери есепке тұрудан жалтаратыны немесе 30 жастан кейін азаматтық алатыны жазылған. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейде әскерге алу шегі 30 жас деп белгіленген.
Заң жобасын «Единая Россия» фракциясының депутаттары Александр Бородай мен Михаил Шеремет, ЛДПР депутаты Алексей Журавлев ұсынды.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін билік еңбек мигранттарын соғысқа баруға үгіттей бастаған. 2023 жылы Ресей билігі азаматтық алған еңбек мигранттарын әскерге қабылдауды көбейтті. Ресейдің ірі қалаларында әскерге жарамды мигранттарды анықтауды көздейтін рейдтер ұйымдастырылды. Ресей азаматтығы бар мигранттарды әскери комиссариатқа жіберді, әскери есепте тұрудан жалтарғандарды жауапқа тартты.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап әскери есепте тұрудан жалтарған мигранттарды азаматтықтан айыра бастады. Мәскеу тергеу комитеті Орталық Азия елдерінде туған азаматтардың үстінен 22 қылмыстық іс қозғады. 80 азамат әскерге қабылданды.
Abai.kz